• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Теннис

    Алматыдағы ATP 250 турнирінің жеңімпаздары анықталды

    Алматы қаласында ATP 250 турнирі мәресіне жетті, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Жекелей сында әлемнің 14-ракеткасы, ресейлік Даниил Медведев пен рейтингіде 41-орында тұрған франциялық Корентен Муте жеңімпаз атағын сарапқа салды. Бірінші партия 7:5 есебімен ресейлік теннисшінің пайдасына шешілді. Екіншісінде франциялық спортшы есе қайырды. Есеп – 6:4. Дегенмен шешуші сетте Медведев 6:3 есебімен алға шықты. Осылайша, өз спорттық жолында ATP жарыстарында ...

    Read More »

    Рыбакина Қытайдағы турнирде жеңімпаз атанды

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 9-ракеткасы Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өткен WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол финалда әлемнің 10-ракеткасы, ресейлік Екатерина Александровамен ойнады. Бұған дейін қарсыластар төрт рет кортқа шығып, соның үшеуінде ресейлік спортшы жеңіске жеткен еді. Бұл жолы да бірінші партияда ресейлік теннисші 6:3 есебімен жеңді. Содан кейін Елена Рыбакина екінші сетте 6:0 есебімен ...

    Read More »

    «Жетінші жеңіс»: Заңғар Нұрланұлы ITF Juniors турнирінде титул алды

    Кореяның Вонджу қаласында 18 жасқа дейінгі теннисшілер арасындағы Азияның бейресми чемпионаты саналып келген беделді ITF Juniors турнирі (J300 санаты) мәресіне жетті, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Заңғар Нұрланұлы (ITF Juniors рейтингінде 23-орында) әлемдік жасөспірімдер теннисіндегі үздік ойыншылардың бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Финалда 18 жасқа дейінгі бірінші ракеткамыз Қытай Тайбэйінің өкілі  Куан Чеу Ченмен (әлемдік рейтингте 41-орында) кездесті. Бұған ...

    Read More »

    Заңғар Нұрланұлы ITF Juniors J200 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды

    Теннисші Заңғар Нұрланұлы Кореяның Чхунчхон қаласында өткен ITF Juniors J200 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Жарыста ол бірінші нөмірлі спортшы ретінде тіркелді. Финалда Заңғар Нұрланұлы кореялық Мин Хук Чоны 6:3, 6:4 есебімен жеңді. Турнир отандасымыз қарсыластарына бірде-бір сет берген жоқ. Бұл жеңіс Заңғар Нұрланұлының ITF Juniors аясындағы жекелей сындағы алтыншы титулы болды. Бұған дейін ол J100 ...

    Read More »

    Қазақстан теннисшілері Азия құрлығында құрмет тұғырынан көрінді

    Александр Бублик ATP турнирлеріндегі сегізінші титулын жеңіп алды. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады. Қазақстанның бірінші, әлемнің 19-ракеткасы Александр Бублик Қытайдың Чанчжоу қаласында жалауы көтерілген АТР 250 турнирінде жеңімпаз атанды. Ол жарыстың 3-ракеткасы болып тіркеліп, финалда дүниежүзілік рейтингіде 88-орында тұрған франциялық Валентен Руаемен ойнады. Бірінші партияда Бублик тай-брейкте қарсыласын 7:6 (7:4), екінші сетте де 7:6 (7:4) есебімен жеңді. Александр Бублик ...

    Read More »

    Теннистен ӘЧ: Рыбакина жарақатына қарамай Қазақстан құрамасына қосылды

    Қытайдың Шэньчжэнь қаласында Қазақстанның ұлттық құрама командасы командалық әлем чемпионаты — Билли Джин Кинг кубогы алдында соңғы жаттығуларын өткізіп жатыр. 18 қыркүйекте әйелдердің ұлттық құрамасы ширек финалда АҚШ командасымен ойнайды. Бұл ойын екі команда арасындағы алғашқы ресми ойын болады. Бүгін Шэньчжэнь қаласында Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңінде Қазақстан – АҚШ матчының жеребесі тартылды. Ойыннды бірінші болып әлемдік рейтингіде 61-орындағы Юлия ...

    Read More »

    Жібек Құламбаева алғаш рет WTA турнирінде жеңімпаз атанды

    Теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Қытайдың Хучжоу қаласында өткен WTA 125 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Жарыстың 2-ракеткалары Жібек Құламбаева мен словениялық Вероника Эрьявец жапониялықтар Момоко Кобори мен Аяно Шимицумен бас жүлдені сарапқа салды. Бірінші партияда 6:4 есебі тіркелді. Қазақстандық-словениялық жұп екінші сетте де қарқынын төмендеткен жоқ. Есеп — 6:2. Осылайша, Құламбаева жұптық сында WTA жарысында алғаш ...

    Read More »

    Аружан Сағындықова ITF W15 турнирінде жеңіске жетті

    Теннисші, әлемнің 958-ракеткасы, 20 жастағы Аружан Сағындықова Қытайдың Луань қаласында өткен ITF W15 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол финалда әлемнің 797, осы жарыстың 5-ракеткасы, 19 жастағы ресейлік спортшы Мария Калякинамен бас жүлдені сарапқа салды. Бірінші партияда Аружан 6:4 есебімен басымдық танытты. Екінші сетте де Сағындықова дүниежүзілік рейтингіде өзінен әлдеқайда жоғары тұрған қарсыласының мысын басты. Есеп – ...

    Read More »

    US Open: Заңғар Нұрланұлы Қазақстан теннисшілері арасынан алғаш рет жартылай финалға шықты

    17 жастағы теннисші Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында АҚШ ашық чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол ширек финалда жарыстың 13-ракеткасы болып тіркелген ресейлік, 18 жастағы Тимофей Дерепаскомен ойнады. Дерепаско — жасөспірімдер ғана емес, ересектер арасында да ойнап үлгерген теннисші. Ол ATP рейтингісінде 925-орында тұр. Ал Заңғар Нұрланұлы ITF Juniors рейтингінде 54-орында келеді. Қазақ теннисшісі бірінші партияда 6:2, ...

    Read More »

    US Open: Заңғар Нұрланұлы сенсация жасады

    17 жастағы теннисші Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында АҚШ ашық чемпионатында екінші жеңісіне жетті, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол екінші айналымда әлемнің жасөспірімдер арасында 13-ракеткасы, Польша өкілі, 18 жастағы Алан Важнымен ойнады. Алан Важны ересектер арасында ATP рейтингінде 1750-сатыда тұр. Ал Заңғар Нұрланұлы ITF Juniors рейтингісінде 54-орынға орналасқан. Соған қарамастан, отандасымыз азулы қарсыласын 6:4, 6:4 есебімен жеңді. Бұл матч бір жаром ...

    Read More »