• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Алматыдағы оқу ордасында Отбасы күні өтті

    Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының жариялауымен  1993 жылдан бастап 15 мамырды «Халықаралық отбасы күні» деп аталып келеді. Негізгі мүдде қалың жұртшылықты отбасы мәселесіне қаратуды көздеген. «Отан отбасынан басталады», десек отбасы құндылықтарына назар аудардың мәні зор деп білеміз. Сондықтан да «Халықаралық отбасы күні» елімізде үлкен қолдаумен мерекелік көңіл-күйде аталып өтті.

    Айтулы отбасылық мереке Каркен Ахметов атындағы Олимпиада резервінің  республикалық мамандандырылыған мектеп-интернат колледжінің қабырғасында жоғары деңгейді ұйымдастырылды. Отбасындағы қарым-қатынас туралы түсінік беру, бақытты жанұяның жаңа моделін дайындау, отбасы, ошақ қасында адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету, отбасының бірлігін сақтап, жанұяның мақтаны болуға тәрбиелеу мақсатында өткен бұл мерекелік шараға қатысушылар үлкен әсер алды деуге болады.

    Мектеп директоры Сейілхан Бақтығалиұлы Қарақовтың тікелей қолдау, көмегімен өткен бұл шарада мектеп оқушылары «Менің отбасым», «Менің отбасымның дәстүрлері» тақырыбында шығармалық байқаулар өткізіліп, марафондық жарыстар  спорт ойындары жалғасын тапты. Бала-шағасымен жарыс жолына түсіп жүгірген жанұялар, мәре сызығын көптің алды болып кесіп өту үшін барын салды.

    Жарыс соңында жүлдегерлер мен жеңімпаздар құрмет громатоларымен марапатталды. Сонымен қатар, бұл күні шараның жоғары деңгейде өтуіне  директордың спорт ісі жөніндегі орынбасары Данара Қабденова мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әлия Иманбаевалар да  барынша белсене атсалысты. Біз өмірдің бітпес қу тірлігімен кейде жанұямызды ұмытып,  шаруа қамын қуалап кетіп жатамыз. Ал, отбасы біздің өміріміздің негізгі тірегі. Оны бір мезет естен шығармағанымыз ләзім.  Сондықтан да жанұяның ынтымақ берекесін ұйытып отыру үшін әр сәтте бірге болып, қуаныш қайғыны бірге бөлісіп, жиі табиғат аясына шығып, бірге спорттық шараларға қатысып отырудың бағасы ерекше. Отбасындағы бірлік-ынтымақ өміріңнің жақсара түсуіне ықпал береді. Ата-ана баласының жарқын болашағын шыр етіп дүниеге келгеннен бастап ойлауы керек. «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілесің» деген аталы сөз бар. Сондықтан да «Халықаралық отбасы күні» орай, ұйымдастырылатын шаралар жаөспірімдердің болашағына жарқын жол деп білеміз.

     

    Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ,

    АЛМАТЫ

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *