• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Kazsport хоккейден әлем чемпионатын көрсетеді

    I дивизиондағы шайбалы хоккейден 2017 жылғы  әлем чемпионаты 22-28 сәуір күндері Киевте  (Украина) және 23-29 сәуір күндері Белфаст (Ұлыбритания) қаласында өтеді.

    Қазақстан құрамасы А тобында өнер көрсетеді.  Эдуард Занковец шәкірттері Австрия, Польша, Оңтүстік Корея, Венгрия мен Украина құрамаларымен мұзайдында кездеседі. Үздік екі ұжым ТОП-дивизионға жолдама алады.

     «Kazsport» телеарнасы бұл чемпионат аясындағы Қазақстан құрамасының барлық ойындарын тікелей эфирде көрсетеді.

    Кездесулер кестесі:

    22 сәуір 23:30 Австрия – Қазақстан. Live

    23 сәуір 20:00 Қазақстан – Оңтүстік Корея. Live

    25 сәуір  16:30 Қазақстан – Польша. Live

    26 сәуір 23:30 Қазақстан – Украина. Live

    28 сәуір 16:30 Венгрия — Қазақстан. Live

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *