• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Парашаңғышы Ербол Хамитов әлем чемпионатында үшінші медалін иеленді

    Парашаңғышы Ербол Хамитов әлем чемпионатында парабиатлоннан 12,5 қашықтықты 41 минут 37,9 секундта жүріп өтіп, мәреге үшінші болып келді. Осы нәтижемен ол қола жүлдеге ие болды.

    Жарыста АҚШ спортшысы Арон Пайк 41 минут 26,8 секунд уақытта мәреге бірінші болып жетсе, Германия спортшысы Скот Минах 41:32,9 уақытымен екінші орынды иеленді.

    Бұған дейін Ербол Хамитов әлем чемпионатында парабиатлоннан 7,5 қашықтықта қола жүлдеге, ал спринт жарысында алтын медальді жеңіп алған болатын.

    Парашаңғы және парабиатлоннан әлем чемпионаты Швецияның Эстерсунд қаласында болып жатыр. Ол 21 каңтар күні басталған. 29 қаңтарда соңғы жарыстары болады.

    Жарысқа 18 мемлекеттен 102 спортшы қатысып жатыр.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *