Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Шұғыла Өмірбек АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан U23 әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz. Ол 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлде үшін Украинаның спортшысы Снежана Онуфриевамен күресті. Белдесуде 11:10 есебімен Шұғыла Өмірбек жеңіске жетті. Осылайша, Қазақстан әйелдер күресінен әлем чемпионатындағы алғашқы медалін иеленді. Кеше ерлер арасындағы жарыста Қазақстан құрамасының қоржыны тағы 3 ...
Read More »Күрес
Күрестен ӘЧ: Қазақ балуандары тағы үш жүлде алды
АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен U23 әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы үш медальмен толықты. Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының соңғы мәліметіне қарағанда, грек-рим күресінен 87 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз Темірлан Тұрдақын (суретте) финалда ирандық Ясин Әли Яздимен белдесіп, 0:4 есебімен жеңілді. Сөйтіп, балуанымыз күміс медальге ие болды. Сондай-ақ бүгін Арсен Жұма (-55 кг) ...
Read More »Айбек Айтбеков: Америкаға әлем чемпионы атану үшін ғана бардым
Бүгін таңға салым Атлант мұхитының ар жағынан қазақ даласына қуанышты хабар келіп жетті. Күрес түрлерінен АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында жалауы желбіреген 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатында грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы екі алтын медаль жеңіп алды. Оның біреуін 72 келі салмақтағы Юсуф Ашрапов, екіншісін 60 кг-де күрескен Айбек Айтбеков иеленді. Юсуф Жамбыл облысының, ал Айбек Абай облысы Аягөз ауданының тумасы. Қазір Айбек ...
Read More »Батырдың рухына арналған белдесу
Биыл қазақ күресінен жасөспірімдер арасында батыр бабамыз Райымбек Хангелдіұлы атындағы дәстүрлі респбликалық жарыс 25-рет ұйымдастырылды. Бұл жарыс қазақ күресінің елімізде дамуына зор үлесін қосып келген тартысты доданың бірі болып саналады. Төл күресімізден бүгінде әлем, Азия чемпионаттарында ел намысын қорғап жүрген көптеген балуан осы жарыста күресіп, есімдері елге танылған десе артық болмас. Қазақтың сахара кең даласы қаншама тарихты қойнына құшып жатыр ...
Read More »Шымкентте жаңа күрес залы ашылды
Жаңа оқу жылында Шымкент қаласындағы №149 «Келешек» мектебінде оқушыларға арналған жаңа күрес залы ашылды. Қазақстан күрес федерациясы баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, бұл федерацияның «Мектеп күрес лигасы» жобасы аясында өңірлерде атқарып жатқан жұмысының жалғасы. Салтанатты іс-шараға Қазақстан күрес федерациясының бірінші орынбасары Дархан Сәрсенов, Шымкент қаласының спорт және білім басқармаларының өкілдері, спорт жанашырлары, федерация мүшелері мен жаттықтырушылар қатысты. Іс-шарада сөз алған Дархан ...
Read More »Баку бозкілемі қазақ күресінің кеңістігін кеңейтті
Әзербайжанның астанасы Бакуде өткен қазақ күресінен XII әлем чемпионаты төл күрестің халықаралық деңгейдегі бәсекесі жыл өткен сайын күшейіп келе жатқанын көрсетті, деп хабарлады Qazaq Kuresi Ассоциациясының баспасөз қызметі. Екі күнге созылған додаға 24 елден 159 спортшы қатысып, ерлер мен әйелдер арасында 16 салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпиондары анықталды. Соның 11-інде Қазақстаннан өзге мемлекеттердің балуандары жеңіске жетті. Баку бозкілеміндегі нәтиженің басты ...
Read More »Балуандар Бакуде әлем чемпионаты кезінде дауыс берді
Қазақ күресінен Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан әлем чемпионаты кезінде Қазақстан құрамасының балуандары Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысып, дауыс берді, деп хабарлайды Qazaq Kuresi қауымдастығының баспасөз қызметі. Ұлттық құрама өкілдері Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы елшілігіне барып, елшілік жанынан ашылған №426 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады. Сайлау учаскесінде қазақ күресінен Әлем кубогінің иегері, әлем чемпионы Рузимон Тугушев, Азия және екі дүркін әлем чемпионы ...
Read More »ТОП-5: Қазақстан күрестен үздік бес елдің қатарында
Әзербайжанның астанасы Баку қаласында 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы күрестен әлемнің үздік елдерінің қатарына қосылды. Қазақстан күрес федерациясының хабарлауынша, ұлттық құраманың балуандары грек-рим, еркін және әйелдер күресінің нәтижесі бойынша 225 ұпай жинады. Қолда бар мәліметке қарағанда, Ресей спортшылары жалпы есепте 305 ұпаймен бірінші орын алса, АҚШ 294 ұпаймен екінші, Үндістан 250 ұпаймен үшінші, Иран 231 ұпаймен төртінші орынды иеленді. ...
Read More »Жас балуандар әлем чемпионы атанды
Әзербайжанның астанасы Баку қаласында күрестен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының балуандары Дияр Аманәлі мен Бақдәулет Ағабек алтын жүлдені жеңіп алды. Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, еркін күрестен 48 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде Бақдәулет Ағабек финалда Үндістанның өкілі Аарьян Аарьянды 10:0 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанды. Ол қарсыласын техникалық басымдықпен жеңді. Оған дейін Бақдәулет Ағабек бес белдесудің барлығында жеңіске жетті. ...
Read More »Бапкер мен балуанға құрмет деген осы
Жақында Астанада «Семей өңірінің балуандары мен бапкерлері» атты тарихи-деректі жинақ жарыққа шықты. Бұл еңбектің маңыздылығы сол, онда көптеген танымды мақалалар мен деректер жарияланған. Жинақ екі том болып басылған. Осы екі томға 1046 материал кіргізілген. Кітапты құрастырумен айналысып жүрген соң, мұндай еңбекті шығару әрине, оңай болды деп айта алмаймын. Бұл дегеніңіз ең әуелі кітаптың шығуына демеуші іздеу, содан кейін барып оны ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары