• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    ktf.kz

    Теннисші Айша Сайран Азия рейтингінде 16 жасқа дейінгілер арасында көш бастады

    Айша Сайран 16 жасқа дейінгілер арасында Азия теннис федерациясының рейтингінде көш бастады, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.
    Жаңартылған рейтингіде Айша Сайран 1 574 ұпаймен бірінші орынға көтерілді. Тағы бір отандасымыз Аделина Маманфина 1 497 ұпаймен екінші сатыда тұр.

    Сондай-ақ, 14 жасқа дейінгілер арасында Tennis Europe рейтингінде Родион Трайгель 27-орынға шықты.

    Родион Малайзияда өткен Азия чемпионатында жартылай финалға дейін жеткен еді. Роберт Каминский – 42, Аңсар Ниетқалиев 69-сатыда келеді. Ахмади Мақанов бірден 74 сатыға жоғарылады. Қазір ол 111-інші, Диас Төлепбергенов 116-орында (+44). Қыздар арасында Руслана Русланова 80-сатыда.

    Жасөспірімдер арасында ITF рейтингінде ТОП-100-де еліміздің төрт бірдей теннисші бар. Әмір Омарханов – 13, Даниал Рахматуллаев – 68, Соня Жиенбаева – 30, Асылжан Арыстанбекова 41-орында келеді.

    Оның бәрі де жасөспірімдер арасында Ролан Гаррос турниріне қатысудан үмітті.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *