• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Ұлттық Олимпиада комитеті

    Азиада: ауыр атлетикадан ұлттық құрама жасақталды

    Қазақстан ауыр атлетика федерациясы Жапонияның Аичи провинциясы мен Нагоя қаласында жалауы желбірейтін XX жазғы Азия ойындарына қатысатын спортшылардың тізімін жариялады.

    Дүрмекті додасында ел намысын ерлер арасында Өтепберген Әлиев (60 кг), Сайрамкез Ақмолда (65 кг), Бексұлтан Айтбай (75 кг), Алексей Чуркин (85 кг), Нұрғиса Әділетұлы (95 кг) қорғайды. Ал әйелдерден Екатерина Алякина (57 кг), Арай Нұрлыбекова (69 кг), Аянат Жұмағали (77 кг), Айғаным Жанболат (86 кг) пен 86 келіден аса салмақтағы Любовь Ковальчук сынға түседі.

    Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында болады.

    Осыған дейін бокстан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушылары Нұржан Насанов пен Елдос Сайдалин ерлер мен әйелдер командасын жасақтап, Азиадаға баратын сполртшылардың тізімін жария еткен еді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *