Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров пен оның жаттықтырушысы Алексей Урмановтың арасындағы келісімшарт тоқтатылды. Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов айтты, деп хабарлады SportPress.kz.
Министрдің айтуынша, Олимпиада чемпионының жаңа спорттық циклі басталды. Енді Михаил Шайдоров алдағы жарыстарға дайындалатын бапкерлер құрамы мен командасын өзі таңдай алады.
Ербол Мырзабосынов Алексей Урмановқа алғыс айтып, маманның соңғы жылдары атқарған еңбегін бағалады. Министр алдағы уақытта ресейлік бапкер Қазақстанның жас мәнерлеп сырғанаушыларын дайындауға үлес қосатынына үміттенеді.
Алексей Урмановтың жетекшілігімен Михаил Шайдоров 2026 жылғы Милан Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алып, Қазақстан тарихындағы мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш Олимпиада чемпионы атанды. Сондай-ақ ол 2025 жылғы төрт құрлық чемпионатында топ жарып, әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды.
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары