• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Атақты футболшы абақтыға қамалды

    Бразилия құрама командасы мен Испанияның «Барселона» клубы бұрынғы қорғаушысы Дани Алвесті әйел зорлады деген күдікпен ұсталды. Оны айыптаған бойжеткен полицияға оқиғаның мән-жайын айтып берді.

    Оның айтуынша, футболшы оны түнгі клубтардың біріндегі дәретханаға апарғанда ол бірден кеткісі келетінін айтқан. Бірақ бразилиялық оны жібермеген.

    «Мен оның есіктің артында тұрғанын білмедім. Тағы бір VIP-бөлме болады деп ойладым. Қарсы болдым. Бірақ ол менен әлдеқайда күшті ғой», — деді бойжеткен.

    Бұған дейін Альвес төрт жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екені хабарланған болатын.

    Испанияның «Иә дегеніміз иә» заңына сәйкес жыныстық зорлық-зомбылық үшін төрт жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Альвес кепілсіз қамауға алынды. Ал мексикалық «Пумас» клубы онымен келісімшартын бұзды.

    Альвес  46 жүлдені жеңіп алды. Бразилиялық футболшының ең сәтті кезеңі «Барселонада» (2008-2016, 2021-2022 жылдар) өтті. Каталониялық клуб сапында ол алты рет Испания чемпионы атанды. Төрт рет Испания кубогын жеңіп алды. Төрт рет ел суперкубогын иегері болды. Үш рет Чемпиондар лигасында, УЕФА Суперкубогында және клубтар арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жетті.

     

    Нұрдәулет КЕНЖЕБАЙ,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *