• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігі

    Қырғызстан ақыры қателігін мойындады

    Қырғызстан Қазақстанның VI Дүниежүзілік көшпелілер ойындарындағы жалпыкомандалық есепте бірінші орын алғанын ақыры мойындады.

    Бір тәулік ойланып, толғанып, Қазақстан спортшыларының 32 алтын, 20 күміс және 22 қола медальді жеңіп алғанын мойындауға мәжбүр болды. Бұл туралы Қырғыз Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Асқат Алагөзов хабарлады. Ол VI Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының қорытындысындағы медаль есебіне қатысты пікір білдіріп,  жарыстың жақсы өткенін, дегенмен командалық есеп бойынша медальдарды санау кезінде техникалық айырмашылық шыға келгенін айтты.

    «Бүгін ұйымдастыру комитеті Қазақстанның үш спортшысының әрқайсысының медалін жеке есептеу туралы шешім қабылдады. Осылайша жалпы командалық есепте Қазақстан бірінші орынға ие болды. Қазақ бауырларымызды жеңісімен құттықтаймыз!», деді ол.

    Ол медаль саны спорттың бір жағы ғана екенін, жарыстар өзара құрмет пен адал бәсеке жағдайында болса, міне сол басты жетістік деп баға берді.

    Енді не айтамыз?! Қырғызстан әуелі өзін жалпыкомандалық есепте бірінші орынға шығарды. Содан кейін командалық есеп Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының тұжырымдамасы бойынша есептелмейтінін мәлімдеді. Енді міне, Көшпелілер ойындарында жалпыкомандалық есеп бар екен ғой, деген сыңайда жүлде санын қайтып есептеп, қателігін мойындады. Сөйтіп, командалық есепте бір күнде үш рет ойын өзгертіп, бүкіл әлем алдында ұяттық жасады.

     

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *