• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігі

    Бір күнде екі алтын жүлде: Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты

    Бүгін Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында пара жүзуші Диас Кенжебек алтын медаль жеңіп алып, Азияның жаңа рекордын жаңартты.

    Ол ерлер арасында S10 санаты бойынша 100 метрге шалқалап жүзу сайысының финалында 1 минут 1,98 секунд нәтижемен мәреге бірінші болып жетті. Осылайша ол Азияның бұған дейінгі 1 минут 3,73 секундтық рекордын жаңартты.

    Екінші орынды Жапония спортшысы Акито Мина (1:05.13), ал үшінші орынды оның отандасы Юмето Идо (1:07.64) иеленді.

    Бұл – Қазақстан құрамасының V Азия Пара ойындарындағы бесінші алтын медалі.

    Бұған дейін ол кешенді жүзуден өткен финалдық жарыста 200 метрді 2 минут 21.61 секундта жүзіп, күміс медаль иеленді.

    Бүгін Қазақстан қоржынына пара дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Бексұлтан Құлмырза алтын медальді сыйлады. Сонымен бірге пара дзюдодан Даяна Федосова мен Ғалымжан Смағұлұлы қола жүлдені жеңіп алды.

     

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *