• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігі

    Велоспортшылар Пара Азиада чемпионы атанды

    Жапонияның Аичи префектурасы мен оның орталығы Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия Пара ойындарынан тағы да қуанышты хабар келіп жетті.

    Қазақстан құрамасы пара велоспорттан тағы екі алтын және екі күміс медаль жеңіп алды.

    Бүгін тасжолдағы жарыста B класында ерлер арасында Наиль Ермұханбет пен оның пилоты Руслан Әлиев 65 шақырымды 2 сағат 1 минут 21 секундта жүріп, мәреге бірінші болып жетті. Олардан кейін Кирилл Илюкевич пен пилоты Глеб Бруссенский мәреге 2 сағат 11 минут 42 секундта екінші болып келіп, күміс жүлдені иеленді.

    Әйелдер арасында Анастасия Калаус пен пилоты Полина Братчикова 55 шақырымды 2 сағат 5 минут 47 секундта жүріп, алтын медаль жеңіп алды. Жұлдыз Қайнарова мен оның пилоты Анжелла Соловьева 2 сағат 9 минут 43 секунд нәтижемен күміс медалист атанды.

    Азия Пара ойындарында дзюдошылар, жүзушілер мен жеңіл атлетикадан сынға түсіп жатқан отандастарымыз да жүлде алудан қалыспай келеді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *