• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Теннисші Евсеев Президенті кубогының иегері атанды

    Әлемнің 412-ракеткасы Денис Евсеев Астанада Президент кубогы үшін челленджер турнирінің жеңімпазы болды. Ол жарыста үшінші ракетка болып тіркеліп,  дүниежүзілік рейтингіде 570-орында тұрған Өзбекстанның өкілі Хумаюн Сұлтановпен бас жүлдені сарапқа салды.

    Бірінші сетте Денис Евсеев 0:5 есебімен ұтылып жатып, қатарынан жеті геймді алып, 7:5 есебімен алға шықты.

    Екінші сетте өзбекстандық спортшы 6:2 есебімен есе қайтарды.

    Үшінші, шешуші партияда Денис Евсеев 4:2 есебімен алға шыққанымен, Хумаюн Сұлтанов таразы басын теңестірді. Есеп — 4:4. Осы кезде ол сол аяғынан жарақат алып қалды. Соған қарамастан, Евсеев барын салып, қайта брейк жасады. Есеп — 5:4. Ал ойын бітер кезде матчқа доп бергенде, ол өз мүмкіндігін жіберген жоқ. Қорытынды есеп 7:5, 2:6, 6:4 болды.

    Осылайша, Денис Евсеев өз спорттық жолында ең ірі табысына жетті.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *