• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Күрес: Түркияда әлем чемпионаты басталады

    Бүгін Түркияның Ыстанбұл қаласында күрес түрлерінен әлем чемпионаты (U17) басталады.

    Бірінші күні бозкілемге грек-рим күресі балуандары шығады. Одан кейін кезек әйелдер күресіне келсе, әлем чемпионатын еркін күрес балуандары қорытындылайды. Қазақстан құрамасы бұл жолғы дүбірлі додаға толық құрамда қатысады. Оқырманның назарларына Босфор жағалауында өтетін байрақты бәсекеде ел намысын қорғайтын балуандарымыздың тізімін ұсынамыз:

    Грек-рим күресі:

    45 кг – Жарас Советов (Ақтөбе облысы).

    48 кг – Бекнұр Мұқан (Ақтөбе облысы).

    51 кг – Жанболат Сапарбек (Түркістан облысы).

    55 кг – Алпамыс Болатұлы (Қызылорда облысы).

    60 кг – Ердәулет Ләсім (Шымкент қаласы).

    65 кг — Әлібек Тұрлығазы (Астана қаласы).

    71 кг – Диас Сейітқалиев (Абай облысы).

    80 кг – Бейбарыс Шымырбек (Жамбыл облысы).

    92 кг – Максим Украинцев (Қостанай облысы).

    110 кг – Бекжан Исмағұлов (Алматы қаласы).

    Әйелдер күрес:

    40 кг- Әнел Бүркітбаева (Павлодар облысы).

    43 кг- Медина Қуанышбек (Алматы облысы).

    46 кг — Мейрамгүл Ахметжан (Алматы облысы).

    49 кг — Арина Абдуллина (Павлодар облысы).

    53 кг — Элмира Сапарбекова (Түркістан облысы).

    57 кг — Жасмин Искандарова (Түркістан облысы).

    61 кг — Софья Змазнева (Павлодар облысы).

    65 кг — Мейрамгүл Мақсот (БҚО).

    69 кг — Інқар Ерғали (Алматы қаласы).

    73 кг — Меруерт Назарбаева (Шымкент қаласы).

    Еркін күрес:

    45 кг- Нұрмухамед Тұрдалы (Жамбыл облысы).

    48 кг- Ералы Жетпісов (ШҚО).

    51 кг — Олжас Жауынбаев (Түркістан облысы).

    55 кг — Аллан Оразбек (ШҚО).

    60 кг — Ералы Жеңісов (ШҚО).

    65 кг — Алмас Сабыр (ШҚО).

    71 кг — Нұрдәулет Сейілбеков (Атырау облысы).

    80 кг- Асхаб Хаджиев (Қарағанды облысы).

    92 кг — Самир Дурсунов (Түркістан облысы).

    110 кг — Едіге Қасымбек (Түркістан облысы).

    Өткен жылы Италияда әлем чемпионатында еркін күрес балуандары Дарын Әскербек (ШҚО) пен Камиль Куруглиев (Маңғыстау облысы) алтын жүлде алса, грек-рим күресінен Юсуп Ашрапов (Жамбыл облысы) пен Арсен Жұма (Ақтөбе облысы) қола жүлдені қанжыға байлаған болатын.

     

    Аспандияр ЕСЕНЖОЛОВ

    Бір пікір

    1. Нұрсұлтан Айымбетов

      Калай көруге болады Чи

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *