Қазақстанның дзюдодан жастар құрамасы Еуропа кубогы үшін турнирде көш бастады. Бұл туралы Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
Федерацияның мәліметінше, 29-30 шілде күндері Германия астанасы — Берлинде жастар арасындағы Еуропа кубогы үшін халықаралық турнирге дзюдодан Қазақстан жастар құрамасы қатысты. Екі күнге созылған бәсекеде ел құрамасы 3 алтын, 5 күміс және 2 қола жүлдемен жалпы медаль кестесінде бірінші орынға тұрақтады.
Турнир жеңімпаздарының тізімі келесідей:
1-орын: Аман Бақытжан (60 кг)
1-орын: Нұрсұлтан Зайзағалиев (66 кг)
1-орын: Максим Мейірлан (81 кг)
2- орын: Нұрайлым Сәрсенбек (48 кг)
2-орын: Аружан Ережепова (52 кг)
2-орын: Жалғас Хайрулла (81 кг)
2-орын: Құдырет Досымов (90 кг)
2-орын: Карина Такиева (+78 кг)
3-орын: Жанарыс Рахметқали (66 кг)
3-орын: Нұржан Бисенов (81 кг)
Айта кетейік, Еуропа кубогына барлығы 29 елден 300-ге жуық жас татами шеберлері қатысты.
Думан АМАНЖОЛҰЛЫ,
АСТАНА
ФОТО: Қазақстан дзюдо федерациясы