Бокстан Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында отандастарымыз үшін Әлем кубогының бірінші жарыс күні мәресіне жетті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Күндізгі сессияда үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай (48 кг) мен Әнел Сақыш (54 кг) сәтті дебют жасаса, өкінішке қарай, 70 келідегі Абылайхан Жүсіпов қабағының жарылуына байланысты турнирді аяқтауға мәжбүр болды. Кешкі сессияда әлем ...
Read More »Monthly Archives: маусым 2025
Ақын Ордабай асқаралы алпыс жасқа келді
Бұқаралық ақпарат қызметкерлері күнімен бірге менің әріптесім, досым, ағам, замандасым Ақын Ордабайдың жеке мерекесі — көптен күткен мерейтойы да келіп жетті. 60 жас! Ел ағасы жасы! Тамаша сан! Спорт саласында жүрген азаматтар қатарында Ақынды білмейтін жан жоқ шығар. Өз өмірін 30 жылдан астам спорт журналистикасына «қиған» тұлға бүгінде өз жемісін көруде: С. Бердіқұлов атындағы жүлденің лауреаты, қанды Желтоқсан қозғалысының сыйлы ...
Read More »Жібек Құламбаева — ITF W15 турнирінің жеңімпазы!
Әлемнің 306-ракеткасы Жібек Құламбаева Сербияның Курсумлийска Баня қаласында өткен ITF W15 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркеліп, финалда дүниежүзілік рейтингіде 751-орында тұрған сербиялық Драганья Вуковичпен алтын жүлдені атақты сарапқа салды. Бірінші сетте Жібек Құламбаева 2:0 есебімен алға шыққанымен, корт иесі таразы басын теңестірді. Есеп – 2:2. Дегенмен, Құламбаева тағы бір брейк жасап, ...
Read More »Анна Данилина әлемдік рейтингіде көтерілді
Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Жекелей сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 11-орнын сақтап қалса, Юлия Путинцева 34-тен 33-ке көтерілді. Зарина Дияс 274-тен бірден 246-ға жоғарыласа, Жібек Құламбаева 306-да қалды. Өткен аптада Истбурн WTA 250 турнирінде үздік шыққан Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина 9-дан 8-ге шықты. ...
Read More »Еркін күрес: Түркияда Әлішер Ерғали мен Начын Куллар күміс жүлдегер атанды
Түркияның Коджаэли қаласында күрес түрлерінен Яшар Догу, Вехби Эмре мен Хамит Капланды еске алуға арналған халықаралық турнир аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Финалда Қазақстан спортшылары тағы екі жүлде алды. Онда Начын Куулар (-70 кг) мен Әлішер Ерғали (125 кг) күміс медалист болды. Начын жарыс қожайыны Хайдар Ювуздан, Әлішер Мохсен Мансұр Сиярдан (Германия) жеңілді. ...
Read More »Бокстан Әлем кубогы: Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды
30 маусым мен 7 шілде аралығында Астанада бокстан Әлем кубогы үшін халықаралық турнирге қатысатын ұлттық құраманың тізімі жарияланды, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы. Ерлер: — Санжар Тәшкенбай (50 кг) — Махмұд Сабырхан (55 кг) — Серік Теміржанов (60 кг) — Ертуған Зейнуллинов (65 кг) — Абылайхан Жүсіпов (70 кг) — Сабыржан Аққалықов (75 кг) — Нұрбек Оралбай (80 кг) — ...
Read More »Түркияда Нұрқожа Қайпанов пен Ризабек Айтмұхан алтын жүлдені жеңіп алды
Грек-рим күресінен Түркияның Коджаэли қаласында өтіп жатқан Яшар Догу, Вехби Эмре және Хамит Каплан атындағы халықаралық турнирде Қазақстан құрамасының үш балуаны жүлдені жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спорт істері және дене шынықтыру комитеті. Турнирде Нұрқожа Қайпанов (-74 кг) пен Ризабек Айтмұхан (-97 кг) жеңімпаз атанса, Азамат Дәулетбеков (-86 кг) екінші орынды иеленді. Нұрқожа Қайпанов финалда Рамазан Рамазановты ...
Read More »Әйелдер күресі: Қазақстан құрамасы Түркияда алты медаль иеленді
Түркияның Коджаэли қаласында күрес түрлерінен халықаралық турнир болып жатыр. Бүгін Яшар Догу, Вехби Эмре мен Хамит Капланды еске алуға арналған дәстүрлі турнирде әйелдер белдесулері аяқталды. Бұл сында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте алдына Түркия мен Үндістанның спортшыларын жіберіп, алты медальмен үшінші орынды қанағат тұтты. Отандастарымыз 3 күміс пен 3 қола жүлдені алды. Атап айтқанда, Светлана Анкичева (-50 кг), Диана Каюмова (-59 кг) ...
Read More »Анна Данилина Ұлыбританиядан жеңіспен келе жатыр
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 9-ракеткасы Анна Данилина Ұлыбританияның Истбурн қаласында жалауы көтерілген WTA 250 турнирінің жеңімпазы атанды. Осыған дейін Францияның ашық чемпионаты — «Ролан Гаррос», турнирінде, Лондон, Ноттингем қалаларындағы жарыстарында финалға дейін жеткен теннисші бұл жолы чехиялық Мари Боузковамен бірге бақ сынаған еді. Данилина мен Боузкова дуэті финалда австралиялық Майя Джойнт пен Тайбэй өкілі Се Шувэймен бас жүлдені сарапқа ...
Read More »Жібек Құламбаева ITF W15 турнирінің финалына шықты
Әлемнің 306-ракеткасы Жібек Құламбаева Сербияның Курсумлийска Баня қаласында өтіп жатқан ITF W15 турнирінің финалына шықты. Ол жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркеліп ойнап жатыр. Теннисші жартылай финалда дүниежүзілік рейтингіде 695-орында тұрған ресейлік Милана Жабраиловадан айласын асырды. Бірінші партия аса тартысты өтіп, тай-брейкте Жібек Құламбаева 7:6 (7:3), екінші сетте 4:0 есебімен басымдық танытты. Соңында матчты 6:1 есебімен жеңді. Матч екі сағаттан астам ...
Read More »