Түркияның Коджаэли қаласында күрес түрлерінен Яшар Догу, Вехби Эмре мен Хамит Капланды еске алуға арналған халықаралық турнир аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Финалда Қазақстан спортшылары тағы екі жүлде алды. Онда Начын Куулар (-70 кг) мен Әлішер Ерғали (125 кг) күміс медалист болды.
Начын жарыс қожайыны Хайдар Ювуздан, Әлішер Мохсен Мансұр Сиярдан (Германия) жеңілді. Кешегі 2 алтын, 1 күміс медальді қосқанда еркін күрестен ұлттық құрама турнирде 2-орын алды.
Командалық есеп:
1-орын: Түркия
2-орын: Қазақстан
3-орын: Болгария