Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.
Жекелей сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 11-орнын сақтап қалса, Юлия Путинцева 34-тен 33-ке көтерілді. Зарина Дияс 274-тен бірден 246-ға жоғарыласа, Жібек Құламбаева 306-да қалды.
Өткен аптада Истбурн WTA 250 турнирінде үздік шыққан Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина 9-дан 8-ге шықты. Бұл оның спорттық жолындағы ең үздік көрсеткіші болып есептеледі.