• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Daily Archives: 14.07.2025

    Меруерт Камалиденова биылғы әлем додадағы үздік шахматшыны жеңді

    Грузияда өтіп жатқан шахматтан Әлем кубогының үшінші кезеңі мәресіне жетті. Осы сынға қатысып жатқан 19 жастағы Меруерт Камалиденова ресейлік Анна Шухманды (2413) 1,5:0,5 есебімен жеңіп, ширек финалға шықты. Қазір отандасымыз рейтингте 59-шы орында тұр. Осылайша, Камалиденова екінші сенсациялық жеңіске жетті. Бұған дейін ол қазіргі әлем чемпионы Александра Горячкинаны жеңген болатын. Әлем кубогының жүлде қоры шамамен — 700 000 АҚШ доллары. ...

    Read More »

    Жас теннисшілер Қырғызстандағы турнирде үздік шықты

    Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында 18 жасқа дейінгі жастар арасында теннистен ITF Juniors J30 турнирі аяқталды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Бозбалалар арасында Даниель Юрекли финалда америкалық Аруша Котені 6:2, 6:1, 6:3 есебімен жеңді. Бұл — Даниельдің ITF Juniors жарысындағы алғашқы титулы. Сондай-ақ Родион Лукашов пен Тимур Сауленко жұптық сында үздік шықты. Олар соңғы бәсекеде жергілікті теннисшілер Давид Могилевский мен Никита Клетцовтан ...

    Read More »

    Қазақстан таеквондошылары Оңтүстік Кореяда алты медаль жеңіп алды

    Таеквондодан Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында өтіп жатқан World Taekwondo Diamond Game 2025 G-4 турнирінде Қазақстан құрамасы алты медаль жеңіп алды. Ұлттық құрама аралас командалық сайыста финалға дейін жетті. Алайда шешуші жекпе-жекте Өзбекстанның B құрамасынан 0:2 есебімен жеңіліп, күміс медальді қанағат тұтты. Ұлттық Олимпиадалық комитетінің хабарлауынша, құрама сапында Мерген Ғаниев, Абдурахмон Марипов, Камила Аймұқашева мен Аида Тәукенова ел намысын қорғады. Сонымен бірге Қазақстан ...

    Read More »

    «Челси» — клубтар арасындағы әлем чемпионы! (ВИДЕО)

    Бүгін Америка Құрама Штаттарында футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Финалда Англияның «Челси» клубы Францияның «Пари Сен-Жермен» командасын жеңіп, екінші рет әлем чемпионы атанды. Матчта ағылшындар клубының ойыншылары қарсыластарының қақпасына қауіпті жағдай жасай бастады. Соның нәтижесінде ойынның 22-минутында Коул Палмер есеп ашса, одан кейін ол  30-минутта тағы да нысананы дәл көздеді. 43-минутта Коул Палмер тағы да көзге түсті. Ол Жоао ...

    Read More »