9-10 шілде аралығында Қырғызстанның Бішкек қаласында грек-рим күресінен жастар арасында өткен Азия чемпионатында Қазақстан балуандары екі алтын жүлдені жеңіп алды. Одан басқа бір күміс, үш қола медальді иеленді.
87 келіге дейінгі салмақта Темірлан Тұрдақын құрмет тұғырының биік сатысына көтерілсе, одан кейін оның жолын 82 келіге дейінгі салмақта Диас Сейітқалиев қайталады. Ол да жастар арасында Азия чемпионы атанды.
77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Омар Дүйсенбек күміс жүлдеге ие болса, Мұсан Ерасыл (55 келіге дейін), Есбол Шәмілов (63 келіге дейін), Әлихан Дүрсінов (72 келіге дейін) қола жүлдені қанағат тұтты.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА