• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Daily Archives: 25.11.2025

    «Ұлы Жібек жолының жаңғыруы» халықаралық көрмесі

    Алматыдағы «Атакент» іскерлік орталығындағы «Бақшарасайда» «Ұлы Жібек жолының жаңғыруы» халықаралық көрмесі өтті. Өндірістің барлық саласын қамтитын және іскерлік орта өкілдерінің ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған бұл шараға Жібек жолы бойындағы мемлекеттердің барлығы дерлік қатысты. Ол алдағы уақытта дәстүрлі түрде әр елде өз жалғасын таппақ. Еуразия елдерінің мәдени, тарихи, қолөнер және  туристік әлеуетін біріктіруге арналған бұл шараны елімізде Қазақстанның  туризм индустриясы ұлттық қауымдастығы ...

    Read More »

    Мемлекет басшысы Геннадий Головкинді І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

    Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді World Boxing халықаралық федерациясының президенті болып сайлануымен құттықтады. Бұл шешімді даңқты спортшының әлемдік боксты дамытуға қосқан үлесінің, кәсібилігі мен мінсіз абырой-беделінің мойындалғаны деп бағалады. Бұл туралы Ақорда хабарлады. – Сіз әлемдік спорттың дамуына зор үлес қостыңыз. Қазақ бокс мектебінің бай дәстүрін лайықты деңгейде танытып, дүние жүзінің елімізді бокс державасы ретінде мойындауына ықпал еттіңіз. Өмір жолыңыз көптеген ...

    Read More »

    Футзалдан Чемпиондар лигасы: Қазақстан клубтары элитада ойнайды

    Алматының «Қайрат» клубы мен Семейдің «Семей» командасы UEFA Чемпиондар лигасы элиталық кезеңіндегі алғашқы ойындарын ойнады. Бұл жолы «Қайрат» жасағы сырт алаңда Бельгияның «Андерлехт» клубымен күш сынасты. Матч басталғанда Алматының командасы жылдам гол соғып үлгерді. Бұл голды 1-минутта Кайо Руиз соқты. Бельгиялық команда да қол қусырып отырмады. Олар үш голмен жауап берді. Ранжел 2-минутта, Грелло 3-минутта допты торға тулатса, 10-минутта Эрик ...

    Read More »