• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Daily Archives: 20.10.2026

    Бір күнде екі алтын жүлде: Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты

    Бүгін Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында пара жүзуші Диас Кенжебек алтын медаль жеңіп алып, Азияның жаңа рекордын жаңартты. Ол ерлер арасында S10 санаты бойынша 100 метрге шалқалап жүзу сайысының финалында 1 минут 1,98 секунд нәтижемен мәреге бірінші болып жетті. Осылайша ол Азияның бұған дейінгі 1 минут 3,73 секундтық рекордын жаңартты. Екінші орынды Жапония спортшысы Акито Мина ...

    Read More »

    V Азия Пара ойындары: Даяна Федосова мен Ғалымжан Смағұлұлы қола жүлдегер атанды

    Бүгін V Азия Пара ойындарында пара дзюдодан Даяна Федосова мен Ғалымжан Смағұлұлы қола жүлдені жеңіп алды. Даяна Федосова J2 санатында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сингапурлық Хун Джоан Хуэй Синді иппонмен жеңіп, үшінші орын алса, Ғалымжан Смағұлұлы J2 санатында 81 келіге дейінгі салмақта ширек финалда Өзбекстан өкілін қосымша уақытта айласын асырды. Алайда ол жартылай финалда Корея Республикасының спортшысына есе жіберді. ...

    Read More »

    Пара дзюдошы Бексұлтан Құлмырза – Азиада чемпионы!

    Бүгін V Азия Пара ойындарында пара дзюдодан Бексұлтан Құлмырза еліміздің қоржынына төртінші алтын медальді сыйлады. Ол J2 санатында 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Оңтүстік Корея спортшысы Ким Донхунды жеңіп, чемпионы атанды. Сонымен бірге ерлер арасында кешенді жүзуден өткен финалдық жарыста Диас Кенжебек 200 метрді 2 минут 21.61 секундта жүзіп, күміс медаль иеленді. Бірінші болып мәреге жапониялық спортшы Минай Акито 2:18.11 ...

    Read More »

    Қазақстан қоржынына тағы екі алтын жүлде түсті

    Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында жалауы көтерілген V Азия пара ойындарының үшінші жарыс күнінде Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары пара садақ атудан, пара оқ атудан, пара үстел теннисінен, пара дзюдодан, пара велоспорттан (трек), пара жүзуден, пара пауэрлифтингтен, арбадағы теннистен, пара таеквондодан, боччадан, волейболды отырып ойнаудан және пара жеңіл атлетикадан сынға түсті. Пара оқ атудан Еркін Ғаббасов 10 метр қашықтыққа пневматикалық ...

    Read More »