Жапонияның Аичи префектурасы мен оның орталығы Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрама командасының қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты. Тас жолдағы велоспорттан ерлер арасындағы топтық жарыста Алексей Луценко топ жарды. Велошабандоз 4 сағат 13 минут 11 секундта мәре сызығын бірінші болып кесті. Бұл – Луценконың биылғы Азия ойындарындағы екінші алтын жүлдесі. Ол жарыстың алғашқы күнінде жекелей ...
Read More »Tag Archives: Азиада
Бас жаттықтырушы Нұржан Насанов: Боксшылардың жеңіске деген жігері жақсы
Бокстан Жапонияда жалауы желбіреген ХХ жазғы Азия ойындарындағы бокстан жекпе-жектер 21 қыркүйекте басталды. Бұл күні Қазақстан құрамасы шаршы алаңға шыққан жоқ. Бокстан жекпе-жектер 2 қазанға дейін болады. Азия ойындарының алдында ұлттық құрама оншақты елмен бірге жарыс алдында бірлескен жаттығу жиынына қатысты. Сонымен ерлер құрамасында Махмұд Сабырхан (55 кг), Оразбек Асылқұлов (60 кг), Төрехан Сабырхан (70 кг), Сабыржан Аққалықов (80 кг), ...
Read More »Жазғы Азия ойындарына қай облыстың спортшылары көп барады?
2023 жылы Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен жазғы Азия ойындарына 525 спортшы қатысса, биылғы Жапонияның Аичи префектурасы мен оның орталығы Нагоя қаласында өтетін додада бақ сынау үшін 559 отандасымыз тіркелді, деп хабарлады SportPress.kz 1.Алматы қаласы — 124 спортшы (2023 жылы 108 спортшы барған). Алматы қаласынан ТОП-3 спортқа регби-7 (18 адам), семсерлесу (9 адам), киберспорт пен көгалдағы хоккей (8 адам) кіреді. 2.Астана ...
Read More »Азиадада волейболшыларымыз ширек финалға шықты
Жапонияның Аити префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында волейболдан әйелдер арасындағы топтық кезең аяқталды. Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлағандай, Қазақстан әйелдер құрамасы В тобындағы екінші ойнын үш дүркін Олимпиада чемпионы Қытай құрамасымен ойнады. Матч 0:3 (18:25, 6:25, 14:25) есебімен қарсыластардың пайдасына шешілді. Бұған дейін Қазақстан құрамасы Филиппин командасын жеңіп, ширек финалға ...
Read More »Азия ойындарына Қазақстаннан 559 спортшы тіркелді
Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының мәліметіне қарағанда, Қазақстан ұлттық құрамасынан 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Аити префектурасы мен Нагоя қаласында өтетін XX жазғы Азия ойындарына қатысу үшін 559 спортшысы тіркелді. Бұл бәсекеде отандастарымыз жарыс бағдарламасына енгізілген 43 спорт түрінің 35-і бойынша жүлдеге таласады. Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, өтінімдерге сәйкес ...
Read More »Азиада алауы: Қазақстан спортшыларының әлеуеті зор
19 қыркүйекте Жапонияның Аичи префектурасы мен оның орталығы Нагоя қаласында ХХ жазғы Азия ойындарының жалауы көтеріледі. Жарыстар Токио қаласы мен Сидзуока, Осака және Гифу префектураларындағы ареналарды қоса алғанда, 50-ден астам спорт нысанында болады. Азиаданың бағдарламасына 43 спорт түрі мен 71 дисциплина енгізілді. Жалпы 469 жүлде жиынтығы сарапқа салынады. Азиаданың бағдарламасына 43 спорт түрі енгізілсе, соның 35-інде отандастарымыз медаль үшін таласады. ...
Read More »Азиада: ауыр атлетикадан ұлттық құрама жасақталды
Қазақстан ауыр атлетика федерациясы Жапонияның Аичи провинциясы мен Нагоя қаласында жалауы желбірейтін XX жазғы Азия ойындарына қатысатын спортшылардың тізімін жариялады. Дүрмекті додасында ел намысын ерлер арасында Өтепберген Әлиев (60 кг), Сайрамкез Ақмолда (65 кг), Бексұлтан Айтбай (75 кг), Алексей Чуркин (85 кг), Нұрғиса Әділетұлы (95 кг) қорғайды. Ал әйелдерден Екатерина Алякина (57 кг), Арай Нұрлыбекова (69 кг), Аянат Жұмағали (77 кг), ...
Read More »Ақ Азиада аяқталды
Қытайдың Харбин қаласында ұйымдастырылған IX қысқы Азия ойындары мәресіне жетті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Биылғы ақ Азиадада Қазақстан құрамасы 4 алтын, 9 күміс, 7 қола жүлде олжалап, жалпыкомандалық есепте 4-орынға тұрақтады. Ел қоржынына алтын жүлдені биатлоннан жекелей сында өнер көрсеткен Владислав Киреев, фристайл-акробатикадан синхронды секіруден, шорт-тректен және хоккейден ерлер құрамасы салды. Күміс жүлдені ...
Read More »Харбин-2025 ең көп ел қатысатын қысқы Азиадаға айналды
7-14 ақпан аралығында Қытайдың Харбин қаласында өтетін IX қысқы Азия ойындарына құрлықтағы 34 Ұлттық Олимпиада комитетінің сапында 1275 спортшы жиналады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Азия Олимпиада кеңесінің мәлеметіне қарағанда, бұл қысқы ойындар арасындағы рекорд. Сауд Арабиясы мен Камбоджа алғаш рет қысқы спорттан қатысады. Осыған дейінгі Жапонияның Саппоро қаласында жалауы желбіреген жарыста құрлықтағы 30 ел және ...
Read More »«Қысқы Азия-2025» ойындарының алауы мен медальдары таныстырылды
Алаудың дизайны қызыл, күлгін және ақ түстерді біріктіретін гүлденген бөртегүл (сирень) түрінде жасалған, деп хабарлады qazsporttv.kz. Олар Азия ойындарының шынайылығын, жылуын, ашықтығын және қайталанбас ерекшелігін көрсетеді. Халықаралық жарыстың әнұраны ретінде ақын Ван Пинцзю мен композитор Чан Шилей жазған «Қар Харбин» әні таңдалды. Медальдардың бергі бетінде ойын эмблемасы, Харбин театрының сұлбасы және жарыс жолы бейнеленген. Медальдардың екінші бетінде Ябули тау шаңғысы ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары