• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Азиада

    XIX Азиада: Қазақстан спортшылары суға жүзуден финалға шықты

    Қытайда өтіп жатқан Азия ойындарында суға жүзуден Қазақстан құрамасының спортшылары финалға шықты. 800 метр қашықтыққа еркін жүзу сайысының іріктеу кезеңінде Диана Тасжанова 8:48.46 уақыт көрсеткішімен бірінші орын алып, финалға жолдама алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Сондай-ақ, 4×100 метр қашықтыққа эстафеталық кешенді жүзу сайысында Қазақстанның әйелдер құрамасы 4:11.93 уақыт көрсеткішімен алтын орын алып, финалға шықты. Әйелдер құрамасында Диана Тасжанова, ...

    Read More »

    Триатлоншы Аян Бейсенбаев Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

    Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Аян Бейсенбаев триатлоннан Ханчжоуда өтіп жатқан Азиаданың қола медалін  иеленді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Бейсенбаевтың жүзуден 1500 метрді бағындырып, велоэтаппен 40 шақырым жүріп өтіп, 10 км жүгіріп шыққандағы уақыты 1:52:25. Байрақты бәсекеде алтын медальді жапондық спортшы Кенжи Ненер (1:50:54) алды, сондай-ақ күміс медаль да Жапониядан келген спортшы Макого  Одакураға(1:51:49) бұйырды.   ФОТО: Туризм және ...

    Read More »

    XIX Азиада: 27 қыркүйектегі жарыс күнінің нәтижелері

    Кеше Азия ойындарында Қазақстан командасы екі алтын, бір күміс және алты қола медаль жеңіп алды. Стенд атудан скит бағдарламасы бойынша аралас командалық сайыста өнер көрсетіп жатқан Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко жұбы финалда Кувейттен басым түсті. Ал нысана көздеуде Зухра Ирназарова алтын медаль алды. 10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға оқ ату сайысында 18 жастағы Зухраға тең келетін ешкім болған жоқ. ...

    Read More »

    Сәкен Бибосынов Азия ойындарындағы жеңілісін түсіндірді

    Бокстан әлем чемпионы әрі Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарындағы жеңілісіне не себеп болғанын айтты, деп хабарлады halyq-uni.kz. Өкінішке қарай, екінші кездесуімде жеңіліп қалдым. Азия ойындарында алтын алсам деп едім. Мақсатыма жете алмадым. Қателік өзімнен болды. Негізі, жақсы жұдырықтасып едім. Бірақ бірінші раундта төрешілердің барлығы қарсыласқа ұпай бергенін көрген соң, тактиканы дұрыс орындай алмадым. Жоспардың бәрі ...

    Read More »

    Әділбек Мусин суға жүзуден екі дүркін Азиада жүлдегері атанды

    Қытайдың Ханчжоу қаласында тағы бір спортшымыз жүлде алды. 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден Әділбек Мусин қола медаль алып, осымен екі дүркін Азиада жүлдегері атанды. Осы сында Оңтүстік Кореяның спортшысы Инчул Бэк чемпион атанса, сингапурлық Цзен Вей Теонг мәреге екінші келіп, күміс медалист болды. Бұл Әділбек Мусиннің Азиядадағы екінші қола медалі. Кеше ол 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзіп, үшінші орынды жеңіп ...

    Read More »

    Қазақстаннан Азиадаға барған егіз спортшылар күміс жүлдегер болды

    Бүгін Қытайда өтіп жатқан Азиадада 10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға оқ ату сайысында Қазақстан әйелдер құрамасы сапында Зухра Ирназарова Азиада чемпионы атанды. Ол сондай-ақ  командалық сында өзінің егізі Фатима Ирназаровамен және Александра Садуақасовамен бірге күміс жүлдегер болды. Биылғы Азиадада бірінші рет егіз спортшылар құрмет тұғырына көтерілді. Басқа елдерден егіз спортшылардың жарыстарға қатысып жатқаны бізге белгісіз. Ал Зухра мен Фатиманың бірге ...

    Read More »

    Гимнастшы Нариман Құрбанов – Азиаданың қола жүлдегері!

    Спорттық гимнастикадан ат снарядында өнер көрсеткен 25 жастағы Нариман Құрбанов қола жүлдені иеленді. Отандасымыз 15.100 балл жинады. Алтын жүлдені тайпейлік  Ли ЧИ-Кайға (15.500 балл) алды. Ал күміс жүлдеге жапондық Рета Цумура (15.166 балл) ие болды. Осылайша, Қазақстан спортшылары 11 қола медальді алды. Қазір отандастарымызда 3 алтын мен 3 күміс жүлде де бар. Осы жүлделермен еліміз жалпыкомандалық есепте тоғызыншы орнын сақтап ...

    Read More »

    XIX Азиада: Қазақстан ТОП-10 елдің қатарына кірді

    Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан құрамасы бүгінгі екі алтын жүлденің және күміс пен қола медальдардың арқасында жалпыкомандалық есепте тоғызыншы орынға шықты. Топ басына алаң иелері – Қытай Халық Республикасының спортшылары орналасып отыр. Олар 81 алтын, 45 күміс және 23 қола медаль алды. Екінші орында Оңтүстік Кореяның өкілдері келеді. Таңғы шық елінің спортшылары 20 алтын, 19 күміс және ...

    Read More »

    XIX Азиада: Қазақстанның қоржыны тағы екі қола жүлдемен толықты

      Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында еліміз құрама командасының қоржынына тағы екі медаль түсті. Бұл жолы спортшылар үшінші орын алып, қола медальге қанағат тұтты. Ерлер арасындағы жағажай волейболынан жұптық бәсекеде Дмитрий Яковлев пен Сергей Богату Иран спортшылары Алиреза Агажанигасаб пен Аббас Поурасгариді 2:0 (25:23, 30:28) есебімен жеңіп, медаль әкелді. Одан кейін таэквондошылар Смайыл Дүйсебай мен Жансель Дениз де үшінші орыннан ...

    Read More »

    Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко – Азия ойындарының чемпионы!

    Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко стендтік ату турнирінің аралас жұптық сайысында алтын медаль жеңіп алды. «Скит» жаттығуының финалында ұлттық құрама спортшылары кувейттік мергендер – Эман Әлшамаа мен Абдулла Әл-Рашидиден басым түсті. Қорытынды есеп –40:35. Қатар құрамасы Бахрейннен басым түсіп, қола медаль алды. Екінші қола Қытай спортшыларына бұйырды. Сәл ертерек Әсем мен ...

    Read More »