• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    XIX Азиада: Қазақстан спортшылары суға жүзуден финалға шықты

    Қытайда өтіп жатқан Азия ойындарында суға жүзуден Қазақстан құрамасының спортшылары финалға шықты. 800 метр қашықтыққа еркін жүзу сайысының іріктеу кезеңінде Диана Тасжанова 8:48.46 уақыт көрсеткішімен бірінші орын алып, финалға жолдама алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.

    Сондай-ақ, 4×100 метр қашықтыққа эстафеталық кешенді жүзу сайысында Қазақстанның әйелдер құрамасы 4:11.93 уақыт көрсеткішімен алтын орын алып, финалға шықты. Әйелдер құрамасында Диана Тасжанова, Ксения Игнатова, Аделаида Пчелинцева, Софья Сподаренко өнер көрсетті.

    Финал Астана уақытымен бүгін кешкі сағат 19.00-де басталады.

    Тағы бір атап өтетін нәрсе, елімізге дзюдодан Азиада жүлдегерлері келді. Оларды Алматы әуежайында туған-туыстары мен жанкүйерлері қарсы алды.

    Азия ойындарында Әбиба Әбужақынова  күміс медальді иеленсе, Мағжан Шамшадин, Абылайхан Жұбаназар, Шархан Нұрлыхан пен Есмигүл Куюлова қола жүлдегер атанған.

    Ал Азиададағы соңғы жаңалық, көгалдағы хоккейден Қазақстанның әйелдер құрамасы Индонезия командасын 2:1 есебімен басым түсіп, алғашқы жеңісіне жетті.

     

    ФОТО: Туризм және спорт министрлігі

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *