Азиадада 92 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатқан боксшы Cағындық Тоғамбай Иран елінің спортшысы Туфан Шарифиді алғашқы раундта нокаутқа түсіріп, жартылай финалға шықты. Осылайша, ол құрлық ойындарында кемі қола медальге ие болады.
Оның ендігі қарсыласы әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионы, өзбекстандық Лазизбек Муллажоновты жеңген Қытай боксшысы.
Cағындық Тоғамбай алғашқы жекпе-жегінде моңғолиялық Бариахаан Доржды уақытынан бұрын жеңген.
Еске сала кетсек, кеше 51 келі салмақ дәрежесінде Сәкен Бибосынов өзбекстандық қарсыласы Хасанбай Дусматовқа 1:4 есебімен есе жіберді. Одан кейін шаршы алаңға шыққа ұлттық құраманың капитаны 71 кг салмақтағы Асланбек Шымбергенов қытайлық қарсыласы Пейчен Ванды 4:0 есебімен жеңіп, бокстан жарыстың келесі айналымына шықты. Ал бүгін әлем чемпионы Нұрбол Оралбай Қытайдағы қандасымыз былтыр Ташкентте өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Тоқтарбек Таңатқаннан 2:3 есебімен жеңілді.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА
View this post on Instagram