• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Семсерлесуден Қазақстан құрамасы – Азиаданың күміс жүлдегері!

    Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы ХІХ жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы.

    Ерлік Сертай, Эльмир Әлімжанов, Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов квартеті сары құрлықтың басты жарысында Жапония құрамасына 36:35 есебімен есе жіберді.

    Есеп 31:31 болып тұрғанда шешуші дуэльде Эльмир Әлімжанов пен жекелей сынның жеңімпазы Коки Кано семсерлерін түйістірді. Бұл айқас та тең аяқталды (35:35). Ал қосымша уақытта жапониялық спортшы нәтижелі соққы жасап, құрамасына жеңіс сыйлады.

    Қазақстанның құрамасы Моңғолияны 45:12, ширек финалда Въетнамды 45:26, ал жартылай финалда Гонконг құрамасын 45:30 есебімен жеңген.

    Жапония Индонезияның Джакарта қаласында өткен  Азия ойындарының чемпионы, ал Қазақстан қола жүлдеге ие болған.

     

    ФОТО: Туризм және спорт министрлігі

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *