(Ұстазым менің ұстазым)
Бүгін еліміздің әр аймағында мұғалімдер күні аталып өтіп жатыр.
«Адамның адамшылығы — ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады», деген екен хакім Абай.
Бар ғұмырын бала тәрбелеп ұстаздық еткен жандардың еңбегі адал, ісі беркелі-деп айтамыз. Күн қатып отбасын жайына қойып, оқушыларының жайын-қамын ойлап, білім беріп жүрген мұғалімдерге мың алғыс.
«Ұстазсыз шәкірт тұл», деген халықпыз. Ұстаз баланың өмірде жақсы адам болып қалыптасуына іргетасын мектепте қалап беретін білімі жетік, қолынан шебірлігі шыққан құрылысшы деп те айтуға болады. Сондықтанда ұстаз сөзі құрметті әрі қадірлі.
Бүгін ұстаздар күніне орай, Каркен Ахметов атындағы Олимпиадалық резервінің арнайы республикалық мамандандырылған мектеп-интернат колледжінің қабырғасында салтанатты іс-шара болып өтті. Ұстаздарға арналған мерекелік іс-шарада спорт пен білімді қатар алып жүріп білмдерін жетілдіріп жатқан мектеп-интернат колледж оқуышалары сахна төрінде түрлі қойылымдар қойып, ұстазадырына ән –биді тарту етті. Мерекелік шараға қатысқан айтулы мектеп-интернаттың директоры Ернар Таласбекұлы Ибраимов үздік оқытушылар мен бапкерлерге мақтау қағаздарын табыс етіп, үлкен құрмет көрсетті. Мерекелік іс-шарадан үлкен әсер алған оқушылар кездесу соңында естелікке суретке түсіп, ұстаздарын құттықтап жатты.
«Маған жақсы мұғалім бәрінен қымбат, өйткені мұғалім-мектептің жүрег», деген екен Ыбырай Алтынсарин. Ендеше, мектептің жүрегі болған ұстаздар мерекесі құтты болсын! Осы мерекелік іс- шара кезінде Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарынан сүйінші хабар жетті. Велоспорттан топтық сайыста Евгений Федоров топ жарып, алтын жүлдеге ие болған екен. Ал, екінші жүлде де Қазақстан құрамасының еншісінде. Жуырда ғана чемпион атанған жерлесіміз Алексей Луценко күміс жүлдегер атаныпты. Ал, сол алтын жүлденің иегері велошабандоз Евгений Феодоров айтулы К.Ахметов атындағы мектеп-интернаттың түлегі. Оның ұстазы — Виталий Николаевич Штыхлин. Талай- талай талантты велошабаондоздарды даярлап, ұлы дүбірге қосып келген К.Ахметов атындағы мектеп-интернатты көп жылдан бері дәріс беретін тәжірбиелі бапкер Виталий Николаевичті де шәкіртінің жеңісімен құттықтап қойсақ артық болмас.
Ел намысын осылайша абыроймен қорғап, Қазақстан қоржынына кезекті алтын медальді салып берген Евгений Феодоров тамыр жайып тәрбиеленген мектеп-интернатта қанатын қатайтып, үлкен биікке жетіп жатыр. Жүлдемен қоржынымызды қампитқан талантты спортшыларымыздың жеңісі еліміз үшін үлкен қуаныш деп білеміз.
Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ,
АЛМАТЫ