Иорданияның астанасы — Амман қаласында күрес түрлерінен 15 және 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатының алғашқы күні Қазақстан құрамасының U15 грек-рим күресінің жас балуандары 3 алтын, 2 күміс және 3 қола жүлдеге ие болып, жалпыкомандалық есепте екінші орыннан көрінді. Атап айтар болсақ Диас Маратов (48 кг), Досбол Шәміл (57 кг) және Әбілмансұр Ахалбек (68 кг) Азия чемпиондары ...
Read More »Tag Archives: Азия чемпионаты
Гандболдан АЧ: Қазақстан алғашқы жеңісіне жетті
Гандболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Қытайдың Сяньган қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында алғашқы жеңісіне жетті. Бірінші ойында жасөспірімдер құрамасы Жапонияның гандболшыларымен кездесіп, олардан 29:43 есебімен жеңілген еді. Екінші матчта отандастарымыз Кувейт 33:4 есебімен ұтты. Матчта Аида Жапарова үздік ойыншысы деп танылды. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Александр Тен триатлоннан Азия чемпионы атанды
Жапонияда триатлоннан өткен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілі Александр Тен, құрмет тұғырының ең биік сатысына шықты. Ол 23 жасқа дейінгі триатлоншылар бәсекесінде қара үзіп, мәреге бірінші болып келді. Бұл жарысқа 10-нан астам елден 40-тан артық спортшы қатысты. Сонымен бірге осы сында ұлттық құраманың басқа мүшесі Егор Крупяков 6-орынды иеленді. Ал Милена Саприна 16-орыннан көрінсе, Данил Пароднов 24-орынды қанағат тұтты. ...
Read More »Семсерлесу: Қазақстан құрамасы — Азия чемпионатының күміс жүлдегері!
Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, семсерлесуден еліміздің ерлер құрамасы Қытайдың Уси қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды. Финалда отандастарымыз Жапонияға жол берді. Руслан Курбанов, Эльмир Əлімжанов, Вадим Шарлаимов пен Ерлік Сертай 1/8 айналымда Филиппиннен 45:37 есебімен басым түсті. Сосын осы төрттік 45:40 есебімен Өзбекстан спортшыларын ұтты. Ал жартылай финалда құрылықтағы көшбасшының бірі Оңтүстік Кореяны ...
Read More »Велоспорт: Артем Захаров Азия чемпионатының күміс жүлдегер атанды
Малайзияның Нилай қаласында тректегі велоспорттан Азия чемпионатының соңғы күні Артем Захаров күміс жүлдеге ие болды. Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, Артем Захаров омниумнан өткен бәсекеде екінші орыннан көрінді. Ол жарыс қорытындысы бойынша 122 ұпай жинап, екінші болып мәреге жетті. Бірінші орынды 139 ұпай алған Жапония спортшысы Эйя Хашимoто жеғңіп алса, үшінші орынды Оңтүстік Корея өкілі Пак Сан-Хун ...
Read More »Қазақстан құрамасы шосседегі велоспорттан Азия чемпионы атанды
Шосседегі велоспорттан Азия чемпионаты бағдарламасының финалдық кезеңінде Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды. Қазақстан велоспорт федерациясының хабарлауынша, ерлер арасындағы топтық жарыста Глеб Брусенский жеңіске жетіп, алтын медаль алды. Одан кейін мәреге Евгений Гидич келді. Үздік үштікті Юкия Араширо (Жапония) түйіндеді. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Алматыда шахматтан Азия чемпиондары анықталды
Алматыда шахматтан Азия чемпионаты аяқталды. Оның жабылу салтанаты Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында болды. Қазақстан шахмат федерациясы хабарлауынша, жарыста өзбекстандық гроссмейстер Шамсиддин Вохидов «Азияның шахмат королі» атанды. Ирандық гроссмейстер Бардия Данешвар күміс медальді иеленді. Ал Қазақстан құрамасынан ала тақта додасына қатысқан Әлішер Сүлейменов қола жүлдеге ие болды. Төртінші орынды Үндістаннан келген гроссмейстер Абхиманью Пураник алды. Әйелдер арасында «Азияның шахмат тәжін» ...
Read More »Андрей Ремхе велоспорттан Азия чемпионы атанды
Таиландтың Районг қаласында өтіп жатқан тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионатында 23 жасқа дейінгі жастар арасында Андрей Ремхе мәреге бірінші болып келді. Мәдениет және спорт министрлігінің хабарлауынша, ол белгіленген 30 шақырымды 36:11.058 секундта жүріп өтті. Одан кейін мәреге қытайлық Жу Цзиньян мен индонезиялық Мұхаммед Энди Ройан жетті. Бірнеше күн бұрын аралас командалық сында Ұлттық құрама чемпион атанған болатын. Ол кезде Қазақстан құрамасы ...
Read More »Ольга Рыпакованың қызы Азия чемпионатының қола жүлдесін алды
Жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың қызы Анастасия Рыпакова жасөспірімдер арасында Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан Азия чемпионатында қола жүлдені жеңіп алды. Ол ұзындыққа секіруден фаворит болып, 5,9 метрге секірді. Бұған дейін Рыпакова Қазақстан чемпионатында 6,21 метрге қарғыса, қыста 6,25 метр көрсеткіш тіркеген. Алайда Азия чемпионатында бұл нәтижелерін қайталай алмады. Азия чемпионатының алтын жүлдесін қытайлық жеңіл атлет Хуан Иньинь жеңіп алды. ...
Read More »Ауыр атлеттер Азия чемпионатында төрт алтын жүлде жеңіп алды
Оңтүстік Кореяның Чинджу қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты аяқталды. Бұл құрлықтық додаға Қазақстаннан 20 спортшы қатысып, төрт алтын, бес күміс және бес қола медаль жеңіп алды. Ауыр атлетика федерациясының хабарлауынша, Қазақстан құрамасына алғашқы алтын медальды Нұрғиса Әділетұлы сыйлады. Ол 102 келіге дейінгі салмақта 400 (181+219) келіні басынан асырды. Жұлқи көтеруде күміс, серпе көтеруде және жалпы жаттығуларда алтын жеңіп алды. 109 ...
Read More »