• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Азия чемпионаты

    Ауыр атлетика: Қазақстан Азия чемпионатында тағы екі жүлде алды

    Оңтүстік Кореяның Чинджу қаласында ауыр атлетикадан ересектер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан ұлттық құрама сының қоржынына тағы екі жүлде түсті. Ерлер арасындағы 109 келіге дейінгі салмақта Артем Антропов күміс жүлдегер атанса (399 кг), тағы бір отандасымыз Аңдас Самарқанов (390 кг) үшінші орынға ие болды. Бұл салмақта алтын медальді Рио Олимпиадасының чемпионы өзбекстандық Руслан Нурудинов жеңіп алды. Артем Антропов алғашқы ...

    Read More »

    Ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы Азия чемпионы атанды (ВИДЕО)

    Оңтүстік Кореяның Чинджу қаласында ауыр атлетикадан ересектер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында 102 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз Нұрғиса Әділетұлы алтын медаль жеңіп алды. Нұрғиса Әділетұлы серпе көтеруде 181 келімен аяқтап, осы бағдарламада кіші күміс медаль алды. Ал жұлқа көтеруде барын салып, 219 кг зілтемірді басынан асырды. Бұл осы жаттығудағы алтын жүлде. Жалпы есепте ол 400 келімен топ жарды. ...

    Read More »

    Ауыр атлетикадан Азия чемпионатына қатысатын ұлттық құрама анықталды

    3 мамырда Оңтүстік Кореяның Чинджу қаласында  ауыр атлетикадан Азия чемпионаты басталады. Ол 13 мамырға дейін жалғасадыү Қазақстан ауыр атлетика федерациясының хабарлауынша, Азия чемпионаты 2024 жылы өтетін Олимпиада қарсаңындағы  іріктеу турнирі болады. Азия чемпионатына Қазақстан құрамасынан мына спортшылар қатысады. Ерлер: Арли Чонтей ( 55 кг), Өтепберген (Әлиев 61 кг), Анатолий Савельев (67 кг), Алексей Чуркин (73 кг), Еламан Сейітқазы (81 кг), ...

    Read More »

    Қайрат Сағадиев: «Азия чемпионатында медаль бойынша жоспарды орындадық»

    Қазақстан әйелдер құрамасының бас жаттықтырушысы Қайрат Сағадиев жақында аяқталған Азия чемпионатын қорытындылап, бізге сұхбат берді. Ол алдағы әлем чемпионаты мен Азия ойындарына дайындығы және жарысқа кімдер баратынын да айтты. – Астанада өткен Азия чемпионаты да аяқталды. Шәкірттеріңіз екі алтын мен үш қола медаль алды. Басқа да салмақтағы қыздардан жүлде күттіңіз бе? – Әйелдер ұлттық құрамасының Астана қаласында өткен Азия чемпионатында ...

    Read More »

    Азия чемпионаты: Қазақстанның қос балуаны күміс медаль алды

    Астанада күрес түрлерінен аяқталған Азия чемпионатында еркін күрестен ұлттық құраманың балуандары- Жүсіп Батырмырзаев пен Ризабек Айтмұхан финалда қарсыластарына есе жіберіп, күміс медальды қанағат тұтты. Әуелі Ризабек Айтмұхан (92 кг) жапон балуаны Араш Йошидамен күресіп, одан айласын асыра алмады. Содан кейін кезекті белдесу ауыр салмақтағы Жүсіп Батырмырзаевқа (125 келі) келіп ол да өкінішке қарай, Моңғолияның өкілі Лхавагерел Мунхтурдан жеңіліп қалды. Бұған дейін ...

    Read More »

    Азамат Дәулетбеков — екі дүркін Азия чемпионы!

    Астанада күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында еркін күрес шебері Азамат Дәулетбеков қатарынан екінші рет Азия чемпионы атанды. Ол былтыр Моңғолияның астанасы -Улан-Батор қаласында жалауы желбіреген құрлықтың чемпионатында алғаш рет алтын жүлдені жеңіп алған болатын. Енді міне, ол 86 келіге дейінгі салмаұта тағы та топ жарды. Азамат Дәулетбеков  Иран елінің өкілі, үш дүркін Азия чемпионы Алирез Каримимачианиді жеңді. Осылайша ол ...

    Read More »

    Дархан Есенғали еркін күрестен Азия чемпионы атанды (ВИДЕО)

    Қазақстан құрама командасының сапында еркін күрестен Азия чемпионатының финалына жолдама алған төрт балуанның арасында бірінші болып бозкілемге шыққан Дархан Есенғали 74 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионы атанды. Ол жапон балуаны Кирин Киношиттаны 7:1 есебімен жеңді. Бұған дейін Санжар Досжанов пен Болат Сақаев алтын медаль иегерлері атанған болатын. Енді кешкі сессияда тағы үш балуанымыз құрмет тұғырының ең биік сатысына шығу үшін ...

    Read More »

    Азия чемпионатының соңғы күні 4 қазақ балуаны финалға шықты

    Бүгін Астанада күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында еркін күрестен ұлттық құраманың төрт балуаны финалға шықты. Атап айтқанда, Дархан Есенғали (74 кг), Азамат Дәулетбеков (86 кг), Ризабек Айтмұхан (92 кг) мен Жүсіп Батырмұрзаев (125 кг) қарсыластарын жеңіп, финалға жолдама алды. Ал Нұрболат Әбдуалиев (61 кг) жұбаныш белдесуіне қатысады. Ол жеңіп жатқан жағдайда қола жүлде үшін күреседі. Кеше еркін күрестен ұлттық ...

    Read More »

    Жәмила Бақбергенова – үш дүркін Азия чемпионы! (ВИДЕО)

    Астана қаласында әйелдер күресінен өтіп жатқан Азия чемпионатының екінші күні 72 кг салмақта бозкілемге шыққан Жәмила Бақбергенова алтын жүлдені жеңіп алды. Ол осымен үшінші рет әр жылдары (2020, 2022) өткен Азия чемпионатының құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Яғни, құрлықтың  үш дүркін чемпионы атанды. Сонымен бірге ол әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері. Жәмила Бақбергенованың финалдағы қарсыласы Жапонияның балуан қызы ...

    Read More »

    Эльмира Сыздықова екі дүркін Азия чемпионы атанды

    Астана өтіп жатқан әйелдер күресінен Азия чемпионатында 76 кг салмаққа дейінгі дәрежеде күрескен Эльмира Сыздықова алтын жүлдені жеңіп алып, құрлықтың екі дүркін чемпионы атанды. Эльмира Сыздықова финалда Қырғызстанның өкілі Айпери Медетқызымен кездесіп, қарсыласынан айласын асырды. Ол осыған дейін Азия чемпионатында 1 алтын, 2 күміс, 3 қола жүлде алған еді. Сондай-ақ, бүгіні Марина Седнева (55 келіге дейін) мен Елена Шалыгина (68 ...

    Read More »