Бокстан Астанада өтіп жатқан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Төрехан Сабырхан төрт дүркін Азия чемпионы атанды.
67 келі салмақта сынға түскен Төрехан Сабырхан Өзбекстанның боксшысы Мұхаммадазизбек Исмаиловты жеңді. Финалда ол қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді.
Одан басқа Өнер Сейілхан, Толғанай Қасымхан, Аяжан Ермек, Алексей Хаванцев, Аяжан Сыдық өз салмақ дәрежелерінде топ жарды.
Сабырхан Төрехан – 2023 жылғы әлем чемпионы және 2022 жылғы ересектер арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері Махмұд Сабырханның туған інісі.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА
View this post on Instagram