• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    olympic.kz

    Қазақстан велоспорттан Азия чемпионатында көш бастады

    Алматыда тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлады olympic.kz

    Қазақстан құрамасы жалпы есепте көш бастады.

    Ұлттық құрама 6 алтын, 3 күміс және 6 қола медальді иеленді.  Екінші орынды 2 алтын, 1 күміс иеленген Тайпей командасы алды. Үшінші орынға 2 алтын жүлдесі бар Оңтүстік Корея ие болды.

    Сонымен бірге Азия чемпионатында Өзбекстан, Индонезия, Қытай, БАӘ командалары бір-бір  алтын жүлдеден жеңіп алды.

    Қазақстан құрамасы ересектер арасындағы аралас командалық эстафетада (Федоров Евгений, Груздев Дмитрий, Чжан Игорь, Рината Сұлтанова,  Махаббат Үмітжанова, Фаина Потапова), жасөспірімдер арасындағы аралас командалық эстафетада (Батырхан Алик, Мансұр Бейсембай, Михаил Подлужный, Ангелина Буренкова, Евгения Заам и Екатерина Удовыкина), ерлер арасындағы жекелей сында (Евгений Федоров), жасөспірім қыздар арасындағы жекелей жарыста (Мария Елькина), андерлер арасындағы жекелей бәсеке (Николя Винокуров) мен андер қыздар арасындағы жекелей жарыста (Ақпейіл Өсім) алтын медаль иеленді.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *