Halyq Uni агенттігінің зерттеуінше, 2022 жылы Қазақстанда республикалық және жергілікті бюджеттен спорт саласына жалпы 356,1 млрд теңге қаражат бөлінген. «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңда көрсетілгендей, 2022 жылы: «жоғары дәрежелі спорт түрлерін дамытуға» 81 млрд теңге; «спорттағы дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеуге» 26 млрд теңге; «бұқаралық спорт пен ұлттық спорт түрлерін дамытуға» 1,4 млрд теңге бөлінген. жергілікті әкімдіктер арқылы 247,7 млрд теңге ...
Read More »Tag Archives: клуб
Клубтар арасындағы әлем чемпионатына 32 команда қатысуы мүмкін
2025 жылдан бастап Клубтар арасындағы әлем чемпионатына барлығы 32 команда қатысуы мүмкін. Турнирге Еуропадан 12, Оңтүстік Америкадан 6, Африка, Азия және КОНКАКАФ-тан 4, Океаниядан 1 команда қатысуы ықтимал деген дерек бар. Тағы бір орын қабылдаушы елдің клубына берілетін болады. Бұған дейін ФИФА президенті Джанни Инфантино клубтар арасындағы әлем чемпионатында командалар саны 32-ге дейін көбейетінін айтқан болатын. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Ұлытау облысында кәсіби футбол клубы құрылады
Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы мен «Қазақстан футбол федерациясы» ЗТБ қауымдастығының президенті Әділет Барменқұлов Ұлытау облысының әкімдігі мен футбол федерациясының арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Кездесуде өңір басшысы Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысында кәсіби футбол клубының құралатынын, жаңа команда келесі жылдың наурыз айында басталатын Қазақстан чемпионатының екінші лигасына қатысуға өтінім беру үшін күш-жігерін жұмсау керектігін атап өтті. Оның айтуынша, «Қазақмыс» корпорациясы ...
Read More »«Астана» – футболдан 2022 жылғы Қазақстан чемпионы!
2022 жылғы футболдан Қазақстан чемпионатының соңғы 26 турында «Астана» командасы сырт алаңда қарағандылық «Шахтер» командасын 2-3 есебімен ұтып, жетінші рет Қазақстан чемпионы атанды. Елордалық команда 26 ойында 65 гол соғып, өз қақпаларына 24 гол өткізіп 53 ұпаймен турнир кестесінде бірінші орынға шықты. Чемпионаттың ең үздік сұрмергені астаналық Педро Эуженио (18 гол), ең үздік ассистент астаналық Марин Томасов (9 ассист) және гол+пас көрсеткіші бойынша да Марин Томасов ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары