Биыл Қазақстан спортшылары қатысқан дүрмекті доданың бірі Жапонияның Аичи префектурасы мен оның орталығы Нагоя қаласында өткен ХХ жазғы Азия ойындары мен Пара Азия ойындары болды. Күншығыс елінде жалауы желбіреген Азиаданы белгілі фототілші Нұрғали Жұмағазы таспаға түсірген еді. Ол жарыс бойы тамаша дүние шығарды. Енді оқырманның патша көңіліне кәсіпқой маманның Азиада кезінде тарихтың таспасына түсіріп, қойнауына жіберген қайталанбас сәттерді ұсынуды жөн ...
Read More »Tag Archives: Азия ойындары
Азиада чемпиондарына сыйақы 50 мың долларға дейін өсті
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Азия ойындарының алтын жүлдегерлеріне берілетін сыйақы бюджеттен тыс қаражат есебінен 40 мың долларға ұлғайтылғанын мәлімдеді, деп хабарлады SportPress.kz. «Биыл федерациялар мен Спортты қолдау қоры арқылы бюджеттен тыс қаражат есебінен Азия ойындарының чемпиондарына берілетін сыйақыны 50 мың долларға дейін арттырдық. Ал өзге жүлдегерлерге тиесілі төлемдер мемлекеттік органдармен келісу жұмыстары және халықаралық федерациялармен байланысты қажетті рәсімдер ...
Read More »Ясмина Тоқсанбаеваға пәтер тапсырылды
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов жеңіл атлетикадан биылғы жазғы Азия ойындарына қатысқан Ясмина Тоқсанбаеваға қатысты жағдайға пікір білдіріп, спортшыға көрсетілген қолдау туралы айтты. «Ясмина Тоқсанбаеваның мәселесі бойынша жеңіл атлетика федерациясы Спорттық арбитраждық сотқа (CAS) өтініш жолдағаны рас. Дегенмен бұл жерде ең бастысы – алдағы уақытта мұндай жағдайға жол бермеу. Бұл мәселеде бір адамды кінәлау қиын, сондықтан бәрінің де кінәсі ...
Read More »Қоржында – 50 медаль, құрама – үздік ондықта
Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында тірек-қимыл аппараты, көру қабілеті зақымданған және зияткерлік даму ерекшеліктері бар спортшылар арасында өткен V Азия пара ойындары мәреге жетті. Биылғы V Азия пара ойындарында ұлттық құрама 50 медаль – 12 алтын, 16 күміс, 22 қола жүлде еншілеп, жалпыкомандалық есепте тоғызыншы орынға тұрақтады. Бір аптаға созылған жарыс барысында жерлестеріміз пара дзюдо, пара велоспорт, пара жүзу, ...
Read More »Қазақ волейболы: сұрақ көп, жауап жоқ
Төртжылдықтың басты додасы ХХ жазғы Азия ойындары да аяқталды. Қазақстан спортшыларының жетістіктері де бар, алайда көңіл көншітпейтін нәтижелер мен қордаланған мәселелер одан да аз емес. Қазір сала мамандары жарыс қорытындысын саралап, спорттағы кемшіліктерді ашық сынап, нақты ұсыныстарын білдіруде. Бұл — заңды әрі қажетті үдеріс. Өйткені, спорттағы әрбір жеңіс пен жеңілістің артында мемлекет қаржысы, мыңдаған спортшының маңдай тері, бапкерлердің еңбегі және ...
Read More »Азиада: Қазақстан қоржынында 84 жүлде
Жапонияның Аичи префектурасы мен оның орталығы Нагоя қаласында өткен ХХ жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы 84 медаль жеңіп алды. Қоржында 12 алтын, 24 күміс, 48 қола бар, деп хабарлады SportPress.kz. Ұлттық құрама жалпыкомандалық есепте 8-орынға тұрақтап, Ханчжоудағы нәтижесін үш сатыға жақсартты. Бокста Қазақстан 12 жылдан кейін Азиаданың алтын жүлдесі қайта жеңіп алды. Төрехан Сабырхан мен ұлттық құрама капитаны Айбек Оралбай ...
Read More »Бас жаттықтырушы Нұржан Насанов: Боксшылардың жеңіске деген жігері жақсы
Бокстан Жапонияда жалауы желбіреген ХХ жазғы Азия ойындарындағы бокстан жекпе-жектер 21 қыркүйекте басталды. Бұл күні Қазақстан құрамасы шаршы алаңға шыққан жоқ. Бокстан жекпе-жектер 2 қазанға дейін болады. Азия ойындарының алдында ұлттық құрама оншақты елмен бірге жарыс алдында бірлескен жаттығу жиынына қатысты. Сонымен ерлер құрамасында Махмұд Сабырхан (55 кг), Оразбек Асылқұлов (60 кг), Төрехан Сабырхан (70 кг), Сабыржан Аққалықов (80 кг), ...
Read More »Жазғы Азия ойындарына қай облыстың спортшылары көп барады?
2023 жылы Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен жазғы Азия ойындарына 525 спортшы қатысса, биылғы Жапонияның Аичи префектурасы мен оның орталығы Нагоя қаласында өтетін додада бақ сынау үшін 559 отандасымыз тіркелді, деп хабарлады SportPress.kz 1.Алматы қаласы — 124 спортшы (2023 жылы 108 спортшы барған). Алматы қаласынан ТОП-3 спортқа регби-7 (18 адам), семсерлесу (9 адам), киберспорт пен көгалдағы хоккей (8 адам) кіреді. 2.Астана ...
Read More »Азия ойындарына Қазақстаннан 559 спортшы тіркелді
Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының мәліметіне қарағанда, Қазақстан ұлттық құрамасынан 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Аити префектурасы мен Нагоя қаласында өтетін XX жазғы Азия ойындарына қатысу үшін 559 спортшысы тіркелді. Бұл бәсекеде отандастарымыз жарыс бағдарламасына енгізілген 43 спорт түрінің 35-і бойынша жүлдеге таласады. Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, өтінімдерге сәйкес ...
Read More »Азиада алауы: Қазақстан спортшыларының әлеуеті зор
19 қыркүйекте Жапонияның Аичи префектурасы мен оның орталығы Нагоя қаласында ХХ жазғы Азия ойындарының жалауы көтеріледі. Жарыстар Токио қаласы мен Сидзуока, Осака және Гифу префектураларындағы ареналарды қоса алғанда, 50-ден астам спорт нысанында болады. Азиаданың бағдарламасына 43 спорт түрі мен 71 дисциплина енгізілді. Жалпы 469 жүлде жиынтығы сарапқа салынады. Азиаданың бағдарламасына 43 спорт түрі енгізілсе, соның 35-інде отандастарымыз медаль үшін таласады. ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары