Астанада күрес түрлерінен аяқталған Азия чемпионатында еркін күрестен ұлттық құраманың балуандары- Жүсіп Батырмырзаев пен Ризабек Айтмұхан финалда қарсыластарына есе жіберіп, күміс медальды қанағат тұтты. Әуелі Ризабек Айтмұхан (92 кг) жапон балуаны Араш Йошидамен күресіп, одан айласын асыра алмады. Содан кейін кезекті белдесу ауыр салмақтағы Жүсіп Батырмырзаевқа (125 келі) келіп ол да өкінішке қарай, Моңғолияның өкілі Лхавагерел Мунхтурдан жеңіліп қалды. Бұған дейін ...
Read More »Tag Archives: күміс жүлде
Бибісара Асаубаева Гран-приде күміс жүлде алды
Бибісара Асаубаева Үндістанның астанасы — Делиде өтіп жатқан әйелдер арасындағы ФИДЕ Гран-приінің үшінші кезеңінде екінші орын алды, деп хабарлады Мәдениет және спорт минимстрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Отандасымыз шешуші 11-турда Катерина Лагномен тең түсіп, 6 ұпай жинады. Бүгін қытайлық Чжу Цзинер мен ресейлік Александра Горячкина да тең ойнап, 6 ұпай алды. Үш шахматшының еншісінде бірдей балл. Бибісара жекелеген көрсеткіш ...
Read More »Гимнастшы Елжаңа Тәниева – Әлем кубогының күміс жүлдегері
Көркем гимнастикадан Болгарияның София қаласында өткен Әлем кубогы аяқталды. Финалда Елжаңа Тәниева 2-орын алды. Қазақстан гимнастика федерациясының хабарлауынша, Елжаңа Тәниева ұршық, доп және таспа бойынша жаттығулардың финалында өнер көрсетті. Ол финалда 30,900 ұпай жинады. Алтын медальді өзбекстандық Тахмина Икромова иеленсе, қола жүлдені бразилиялық Барбара Домингос жеңіп алды. Бұған дейін Елжаңа Тәниева Испанияның Марбелла қаласында өткен Гран-приде үшінші болып, қола жүлдегер ...
Read More »Қазақстан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында тағы бір жүлдені алды
Албанияның Дуррес қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Таисия Алексеева күміс жүлдені жеңіп алды. Қыздар арасында 64 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күш сынасқан Алексеева жұлқа көтеруде 89 кг, ал серпе көтеруде 112 келіні басынан асырды. Екі жаттығудың қорытындысы бойынша ол 201 кг көрсеткішпен екінші орынды иеленді. Бұған дейін Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында үш жүлде алған болатын. 73 ...
Read More »Қазақстандық фристайлшы Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанды
Алматыдағы «Шымбұлақ» тау-шаңғы базасында фристайлдан өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде Павел Колмаков күміс жүлдегер атанды. Ол фристайл-могулдан финалда 78,72 балл жинап, екінші орынға ие болды. Бұл сында канадалық Микаэль Кингсбери (85,67) жеңімпаз атанса, австралиялық Мэтт Грэмге 78,42 қола жүлдені иеленді. Могул жарысында әйелдер арасында Аяулым Әмренова финалға шыққанымен, жүлдеге іліге алмады. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Дзюдошы Данияр Шамшаев күміс жүлдегері атанды
Бүгін дзюдошы Данияр Шамшаев (73 кг дейін) Өзбекстанның астанасы – Ташкент қаласында өтіп жатқан Үлкен дулыға турнирінің күміс жүлдегері атанды. Финалда ол татами иесі Муроджан Юлдошевке есе жіберді. Шамшаев жартылай финалда швейцариялық Нилл Штамптың жауырынын жерге тигізсе, ширек финалда түркиялық татами шеберінің жолын кесті. Ал іріктеуде француз Аксус Бенджжамин мен қырғыз Шыңғисхан Сагиналиевтің адымын аштырмады. Кеше 60 келіге дейінгі салмақта ...
Read More »Странджа кубогы: финалға шыққан жалғыз қазақ боксшысы жеңіліп қалды (ВИДЕО)
Болгарияның астанасы – София қаласында бокстан өткен халықаралық Странджа кубогында Оразбек Асылқұлов күміс жүлдегер атанды. Кіші әлем чемпионаты деп те аталатын жарыста Асылқұлов 57 келіге дейінгі салмақта түбі кубалық, Болгария өкілі Хавьер Ибаньеспен жұдырықтасты. Жекпе-жекте отандасымыз қарсыласынан 1:4 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша, Қазақстан құрамасы Странджа кубогын 1 күміс, 1 қола медальмен қорытындылады. Бұған дейін Нұрқанат Райыс 75 келіге дейінгі салмақта ...
Read More »Жеңіл атлетика: Михаил Литвин Азия чемпионатының күміс жүлдесін иеленді
Астана қаласында жеңіл атлетикадан өтіп жатқан жабық кешендегі Х Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына төртінші жүлде түсті. Ерлер арасында 400 метрге жүгіруде Михаил Литвин күміс жүлдегер атанды. Ол мәреге санаулы метрлер қалғанда катарлық Аммар Исмаил Яхия Ибраһимнен қалып қойды. Қола медаль қытайлық атлетке бұйырды. Бұл қашықтықта тағы бір отандасымыз Вячеслав Земс мәреге жетер тұста құлап қалды. Қазір Қазақстан қоржынында 1 алтын, ...
Read More »Жеңіл атлет Ольга Сафронова Азия чемпионатының күміс жүлдесін иеленді
Астана қаласында жеңіл атлетикадан жабық кешенде өтіп жатқан Х Азия чемпионатында Ольга Сафронова 60 метрге жүгіруде күміс жүлдегері атанды. Бұл қашықтықты ол 7.32 секундта жүгіріп өтті. Ирандық спортшы Фарзане Фасихи 7.28 секунд нәтижесімен екінші орын алса, индонезиялық Валентин Ванеза мәреге үшінші (7.37 секунд) болып келді. Бұл – Қазақстан қоржынына түскен екінші медаль.Оған дейін Каролин Чепкоеч Кипкируи 3 мың метрге жүгіруде чемпион ...
Read More »Универсиада: шорт-тректен Қазақстан құрамасы күміс жүлдегер атанды
Шорт-тректен Қазақстан құрамасы Дүниежүзілік Универсиада ойындарының күміс жүлдесін жеңіп алды. Аралас эстафетада (2000м) Әділ Ғалиахметов, Еркебұлан Шамұханов, Әлішер Абұлқатимов, Яна Хан, Малика Ермек, Алина Ажғалиева 2:47.757 минут уақытымен екінші орынға тұрақтады. Алтын медальді Франция құрамасы иеленсе, қола жүлдені Жапония спортшылары еншіледі. Әзірге Қазақстан құрамасының қоржынында 3 алтын, 2 күміс, 2 қола жүлде бар. Динара АМАНТАЙ, АСТАНА
Read More »