2020 жылғы жазғы Паралимпиаданың күміс жүлдегері, дзюдошы Теміржан Дәулет Алматыдағы балалар колониясына болды, деп хабарлады polisia.kz.
Ол Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінің №11 мекемесінде болып, жазасын өтеп жатқан адамдармен әңгімелесті.
Балалар дзюдошыны тыңдап, өздерінің спорттағы жетістіктері туралы айтты. Кездесудің соныңда спортшы дзюдо техникасын көрсетіп, балалардың шығыс жекпе-жегінің ең танымал түріне деген қызығушылығын оятты.