Еліміздің 10 теннисші Бүкіл әлемдік теннис қауымдастығының рейтингісіндегі 100 спортшының қатарына кірді.
Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, ТОП-100-дің қатарына Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Анна Данилина, Александр Бублик, Алекснадр Недовесов, Андрей Голубев, Әмір Омарханов, Асылжан Арыстанбеков, Ева Корыншева мен Томирис Нұржан қосылды.
WTA рейтингісінде Рыбакина төртінші орнын сақтап қалды. Путинцева жылды 69-сатыда аяқтайтын болса, жұптық сында Данилина 56-да тұр.
Ерлер арасында АТР рейтингісінде Бублик әлемнің 32-ракеткасы болса, жұптық сында Недовесов – 44, Голубев 61-орынға жайғасты.
Жасөспірімдер арасында ITF рейтингісінде үздік жүздікке екі теннисші енді. Омарханов – 57, Арыстанбекова 66-сатыға орналасты.
14 жасқа дейінгілер арасында Tennis Europe рейтингісінде Корышева 50-орында болса, Нұржан 91-ракетка болып тұр.