• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Нысана көздеу: Арина Алтухова əлем чемпионатында күміс жүлде алды

    Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, бүгін нысана көздеуден ұлттық құраманың спортшысы Арина Алтухова Оңтүстік Кореяның Чханвон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы əлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды.

    Ол кіші калибрлі винтовкамен 50 метрден 3 позицияда (тік тұрып, жатып, тізерлеп тұрып) оқ атып, 455.7 ұпай жинады.

    Бұл жаттығуда швейцариялық Вивьен Джой Джегги әлем чемпионы болды. Ол Арина Алтуховадан 1,6 балл артық жинады. Қола медальді тағы бір швейцариялық Эмели Джегги алды.

    Жуырда Арина Алтухова осы бағдарламада Қазақстанның VI жазғы Спартакиадасында күміс медаль жеңіп алған болатын. Сондай-ақ ол бірнеше ай бұрын Индонезияның Жакарта қаласында өткен Әлем кубогының иегері атанған. Спортшының жеке жаттықтырушысы – Вероника Скиба.

     

    Шамкен БАЙЫРБЕК,

    АСТАНА

    ФОТО: Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *