• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Күрестен АЧ: Қазақстанның әйелдер құрамасы екі жүлде алды

    Иорданияның астанасы — Амман қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионатының (U15&U20) жетінші күні U20 әйелдер күресінен соңғы 5 келі салмақ дәрежесінде белдесулер өтіп, ұлттық құраманың спортшылары ел қоржынына екі жүлде салды.

    72 келіде сынға түскен Шәмшиябану Тастанбек финалда үнді қызы Харшита Харшитаға есе жіберіп, Азия чемпионатының күміс жүлдесін иеленді. Алтын Шағаева (53 келі) қола медаль алды.

    Осылайша бұл жолғы құрлық додасын Қазақстан құрамасы әйелдер күресінен 1 күміс, 4 қола жүлдемен қорытындылады.

    Бүгін U20 еркін күрес балуандары 57, 65, 70, 79 және 97 келіде күш сынасады.

     

    Аспандияр ЕСЕНЖОЛОВ,

    ФОТО: Күрес түрлері федерациясы

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *