• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қамшыбек Қоңқабаев үздік 40 боксшының қатарынан шығып қалды

    Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) барлық салмақ дәрежесінің рейтингін жаңартты. Боксшы Қамшыбек Қоңқабаев үздіктердің тізімінен шығып қалған.

    Sports.kz-тің хабарлауынша, бірінші ауыр салмақта сынға түсіп жүрген Қамшыбек Қоңқабаев енді үздік 40 боксшының қатарында да жоқ.

    Өткен айда ол тізімнің 30-сатысында тұрған болатын. Кеңестің мұндай шешімді қабылдауына спортшының кәсіпқой рингте жиі жекпе-жек өткізбеуі себеп болуы мүмкін.

    Айта кетейік, Қамшыбек Қоңқабаевтың кәсіпқой бокстағы соңғы кездесуі 2022 жылдың наурыз айында өткен. Сол кезде ол Өзбекстан өкілі Фаррух Джураевты техникалық нокаутпен жеңген еді.

    Қамшыбек Қоңқабаев – әуесқой бокс пен қәсіпқой боксты қатар алып жүрген спортшы.

     

    Еркеғали БЕЙСЕНОВ,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *