• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Орталық стадионды Сейілда Байшақовтың атымен атау керек

    Белгілі қаламгер, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткер, спорт журналисі, спорт қайраткері Несіп Жүнісбайұлы Алматыдағы Орталық стадионның жақында мәңгілік мекеніне аттанған Қазақстан футболының аңызы Сейілда Байшақовтың атымен аталуы керек деген ұсыныс айтты.

    КСРО құрама командасында ойнаған тұңғыш қазақ футболшысы бұл құрметке әбден лайық!

    Бүгін ардақты Сейілда Байшақовты мәңгілік мекеніне қондырдық. Бізге енді КСРО құрама командасына алынған тұңғыш қазақ футболшысы қазақ футбол өнерін әлемдік деңгейде насихаттай алған Сейілда қайта оралмайды.  Бірақ оның өшпес аты қалды, аяқдоптағы аңыз боп айтылар шеберлігі қалды. Қазақстан футболын өркендету  жолында төккен өлшеусіз тері қалды. Ғажап футболшы, кереметтей азамат, талассыз қайраткер, арадан қыл өтпеген досым Сейілдамен қоштасу жиынында мен айтқан сөздің тобықтай түйіні мынау еді:

    «СЕЙІЛДА БАЙШАҚОВ БҮКІЛ СПОРТТЫҚ  ҒҰМЫРЫН ӨТКІЗГЕН АЛМАТЫДАҒЫ ОРТАЛЫҚ СТАДИОНҒА СЕЙІЛДА БАЙШАҚОВ ЕСІМІН БЕРУ КЕРЕК!»

    Мен бұл қысқа болса да шын жүректен шыққан ұсынысымды Үкіметке, Мәдениет және спорт министріне, Алматы қаласының әкіміне, Футбол федерациясының президентіне жолдаймын!

     

    Несіп ЖҮНІСБАЙҰЛЫ,

    спорт журналисі, жазушы, спорт қайраткері

    АСТАНА

    Еске сала кетсек, қазақ футболының аңызы Сейілда Байшақов 12 шілдеде өмірден өтті. Ол қазақ футболының дамуына өлшеусіз еңбек сіңірген болатын.

    Сейілда Икрамұлы қазақ елінің тарихында аттары алтын әріппен жазылған қайраткерлердің бірі болды. Несіп Жүнісбайұлы атап көрсеткендей, қазақ футболшыларының арасында тұңғыш рет КСРО құрама командасында ойнаған. Оның мемлекет тарапынан көп марапат алатын реті де жөні де бар еді. Бірақ өмірін теңбіл доп өнеріне арнаған азамат қарапайым тіршілік кешіп, 2020 жылы президенттің жарлығымен «Парасат» орденімен, «Қазақстан Республикасына – 25 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *