• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Су спорты: Эдуард Ким әлем чемпионатының финалына шықты

    Жапонияның Фукуока қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында артистік жүзудің еркін бағдарламасында өнер көрсеткен Эдуард Ким финалға шықты.

    18 шілдеде өткен іріктеу сынында Эдуард 173.0499 ұпаймен екінші орын алып, финалға жолдама алды. Бірінші орында АҚШ спортшысы Кеннет Годе. Үздік үштікті түйіндеген ұлыбританиялық Рандзю Томблин.

    Финалдық сайыс бүгін, 19 шілдеде болады. Бұл жарыс Астана уақытымен Qazsport арнасынан 17.05-те басталады.

    Еске сала кетсек, Эдуард Ким 17 шілдеде артистік жүзудің техникалық бағдарламасы бойынша әлем чемпионатының қола жүлдесіне ие болған еді. Бұл — 1994 жылдан бері әлем чемпионатына қатысып келе жатқан Қазақстан құрамасының су спорты түрлерінен ересектер арасында иеленген тұңғыш жүлдесі.

     

    Мұсағали ТАСҚАЛИЕВ,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *