• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Месси мен Бускетс «Интер Майамидегі» алғашқы жаттығуларын өткізді (ФОТО)

    Аргентина құрамасының футболшысы Лионель Месси мен Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Серхио Бускетс «Интер Майами» клубындағы алғашқы жаттығуларын өткізді.

    Бұл командамен Месси жақында келісімшартқа жасасып, құрамына қабылданған болатын. «Интер Майамидің» жаттығуына Мессимен бірге команданың құрамына алынған Испанияның белгілі ойыншысы Серхио Бускетс те қатысқан.

    Еске сала кетсек, Месси мен Бускетс 16 шілдеде салтанатты жағдайда «Интер Майами» клубына таныстырылды. Бұл іс-шараны АҚШ-тың мыңжаған жанкүйер келіп, тамашалады.

    Екеуі де америкалық клубқа бос агент ретінде ауысты. Лионель Месси мен Серхио Бускетстің  «Интер Майами» клубымен келісімшарты Америкалық футбол лигасының (MLS) 2025 жылғы футбол маусымының соңына дейін жасалған.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *