• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Параазиадада Қазақстан қоржынына тағы бір күміс пен үш қола жүлде түсті (ФОТО)

    Бүгін түс ауа Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан IV Параазиадада еліміздің тағы бірнеше спортшысы күміс және қола жүлдеге ие болды. Бұл жолы пара таэквондода Камила Досмайылова екінші орын алды.

    Ол финалда 44-57 кг салмақ дәрежесінде Иран спортшысы Роза Ибрахимиге жол берді.

    Қола медальді парадзюдошылар Динара Куджулова, Бауыржан Арыстанбеков пен Даяна Федосова иеленді. Динара 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде  Өзбекстанның өкілі Мұхарраммхон Абдусаматованы жеңді.

    Бауыржан Арыстанбеков J1 санаты бойынша 90 кг салмақ дәрежесінде Индонезиядан келген балуаннан басым түсті.

    57 кг салмақта өнер көрсеткен Даяна Федосова (J2 санаты) Үндістан спортшысын жеңіп, үшінші орын алды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    ФОТО: Туризм және спорт министрлігі

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *