• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    «Бесінші алтын медаль!»: Нұрдәулет Жұмағали Параазиаданы жеңіп алды

    Қытайдың Ханчжоу қаласынан тағы ьбір қуанышты хабар келіп жетті. Ерлер  арасында суға жүзу жарысында Нұрдәулет Жұмағали алтын медальді жеңіп алды. Ол 1 минут 05.92 секундтта 100 метрді брасс стилімен жүзіп өтті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.

    Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев спортшыларды осы қуанышты хабармен құттықтады.

    Нұрдәулетті Азия ойындарындағы жеңісімен құттықтаймын! Спортшыларды жарысқа дайындаумен айналысқан жаттықтырушылардың жұмысын ерекше атап өткім келеді. Қалған жарыс күндерінде біздің құрамаға сәттілік тілеймін!, — деді ол.

    Бұған дейін спортшыларымыз төрт алтын жүлдені жеңіп алған еді. Оның үшеуін парадзюдошыларымыз иеленді. Ал осы жолы суға жүзуден өткен жарыста Нұрдәулет Жұмағали 1 минут 05.92 секундтта 100 метрді брасс стилімен жүзіп өтті. Сыннан сүрінбеді.

    Параазиадада басқа алтын жүлдені пара дзюдодан 73 кг салмақта өнер көрсеткен Олжас Оразәліұлы (J2 санаты), Ерғали Шамей, Ақмарал Науатбек мен пауэрлифтер Давид Дегтярев жеңіп алды.

     

    ФОТО: Paralympics.kz

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *