• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Теннисші Жібек Құламбаева ITF турнирінің жеңімпазы атанды

    Теннисші Жібек Құламбаева Францияның Шербур қаласында өтіп жатқан ITF турнирінің жеңімпазы атанды.

    Ол жұптық сында Польша өкілі Мартына Кубкамен бірге жарыстың бірінші ракеткалары болып тіркеліп, финалда франциялық Ясмин Мансури мен бельгиялық Лора Солденді 6:0, 6:3 есебімен жеңді. Осылайша, Жібек Құламбаева жұптық сында тағы бір ITF додасында үздік шықты.

    Бұған дейін Қазақстан мен Польшаның теннисшілері франциялық Диана Мартынов пен ұлыбританиялық Матильда Мутавджичті 6:7 (6:8), 6:1, 10:5 есебімен, одан кейін жартылай финалда бельгиялық Мари Тифани мен франциялық Бенуа Леметрді 6:2, 4:2 есебімен жеңген болатын. Жібек пен Мартынаның қарсыластары есеп 4:2 болып тұрғанда ойынды жалғастырудан бас тартты.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *