Түркістан қаласының «Тұран» футбол клубы премьер-лига ойындарының аяқталуына төрт тур қалғанда бас жаттықтырушы Әбдіхалық Бөрібаев пен оның көмекшісі Артур Авакянцпен қош айтысты. Клубтың баспасөз қызметі хабарлағандай, қазір «Тұранның» бірінші лигаға түсіп қалу қаупі бар. Сол себептен бас жаттықтырушы мен оның көмекшісі командадан кетуге мәжбүр болып отыр. Қазір клуб премьер-лигада 19 турдан кейін 11 ұпаймен 13-орында. Оның алдында 12-орында 13 ұпаймен «Ұлытау» ...
Read More »