Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина теннситен АҚШ-тың Майами штатында өтіп жатқан Miami Open WTA турнирінің финалында америкалық Даниэль Коллинзден жеңілді. Ол WTA рейтингінде 53-орында тұрған теннисшіден 5:7, 3:6 есебімен есе жіберді, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.
Матч екі сағаттан сәл астам уақытқа созылды. Осы уақытта Рыбакина бес рет эйс жасап, 11 брейк-пойнттың тек біреуін пайдалана алды.
Рыбакина Miami Open турнирінің финалында ойнағаны үшін 650 ұпай алады. Әлемдік рейтингтегі орнын да сақтап қалады. Қазір ол WTA тізімінде тұр.