Үстел теннисінен Қазақстан командасы Исмаилиядағы (Мысыр) WTT Youth Contender турнирінде екі медальмен көзге түсті, деп хабарлады olympic.kz.
Екінші орынды Жанерке Көшкімбаева (U19) мен Жания Бекмұхамбетова (U11) алды.
Айта кетелік, бұған дейін Бекмұхамбетова 13 жастағы спортшылар категориясында бірінші орын алған.