Монтенегроның Будва қаласын 17-18 жастағы боксшылар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалдық жекпе-жектер аяқталды, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы.
Қазақстан құрамасы осы жас санатындағы әлем чемпионатының жартылай финалистер саны бойынша өз рекордын жаңартты.
Дүниежүзілік доданың жартылай финалына шыққан боксшылар:
Диас Берікбай — 48 кг.
Бексұлтан Боранбек — 51 кг.
Жансерік Көшербаев – 57 кг.
Төрехан Сабырхан – 67 кг.
Өнер Сейілхан – 71 кг.
Санжарәлі Бегалиев – 75 кг.
Расул Асанханов – 92 кг.
Аслан Елдібайұлы – + 92 к.
Әнел Абдрасилова – 48 кг.
Елянур Турганова – 50 кг.
Бағжан Отынбай — 54 кг.
Толғанай Қасымхан – 60 кг.
Аружан Жаңабаева – 63 кг.
Ұлдана Таубай – 66 кг.
Шұғыла Нәлібай — 75 кг.
Аружан Зейноллаева – 81 кг.
Панар Сейітханқызы — + 81 кг.
Жартылай финалдық жекпе-жектер 31 қазанда, ал финал 2-3 қараша күндері болады. Ұйымдастыру тобымен 500 000 АҚШ долларын құрайтын жүлде қоры тағайындалған.
25 салмақ дәрежесінде әлем чемпиона атанған боксшыға 8 000, АҚШ доллары, күміс жүлдегерлерге 4 000 доллар, қола жүлдегерлерге 2 000 доллар, ширек финалистерге 1 000 доллар.